Қытайда ген модификацияланған балалар туды: Әлем бұл жаңалыққа неге назар аударды

23 Қаңтар, 19:26
1
© pexels.com
© pexels.com

Аспан асты елінде таяудан бері әлем естімеген жаңалық шығып, әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарын өзіне қаратты. Қарашаның басында дүниге ген модификациясына ұшыраған егіз сәби дүниге келді. Осындай тәжірибені өткізген биолог өз жаңалығы тек ізгі ниетте жасалғанына сендіргісі келді. Қытайлық биолог ғалым эксперимент жасап, адам ұрығының генін өзгерте алғанын, мұның нәтижесінде ол ұрпақ қуалайтын инфекция жаңа туған балаларға жұқпайды деп мәлімдеді. Артынша ол сынның астында қалды. Tengrinews.kz тілшісі қытайлық ғалымның жаңалығы, ғылыми болжамдары және оған қатысты сарапшылар айтқан пікір жайлы шолу мақаласын ұсынады.  

Хэ Цзянькуйдің зерттеуі

Қарашаның 25-і күні қытайлық биолог Хэ Цзянькуй YouTube желісінде әлем назарын өзіне қаратқан бейнежазба жариялады. Видеода ол өзі жасаған эксперименті жайлы айтып берді. Цзянькуй экспериментті әйелдер мен ерлерден құралған бірнеше жұпқа жасаған. Назар аударарлық тұсы - бұл жұптардың тек ерлері әлі күнге емі табылмаған ВИЧ инфекциясын жұқтырған, ал әйелдерде бұл инфекция жоқ. Биологтың айтуынша, бір жұптан Лулу мен Нана есімді егіз қыз дүниеге келді және олардан инфекция табылмаған-мыс. Ғалым өз зертханасында ген инженерия әдістерін қолдана отырып, осындай нәтижеге жеттім дейді.


Хэ Цзянькуй. ©REUTERS

Айтуынша, ВИЧ жұқтырған ер адамның ұрығы аналық жасушадағы эмбрионның генін өзгерте алған. Яғни ол аналық жасушада орналасқан CCR5 генінің бір бөлігін алып тастаған делінеді. Дәл осы ген инфекцияның берілуіне және дамуына жауапты екен. Одан кейін өзгеріске ұшыраған жасуша ананың жатырына орналастырылған. Биологтың айтуынша, осы эксперимент 8 жұпқа жасалған және тағы да бір жұп баланың дүниеге келуін күтіп отырғаны анықталды.   

Ген модификациясының мақсаты не?

Ген өзгерістерін жасаудың ғылыми және шаруашылық мақсаттары бар. Ол болашақта ғылымға және басқа да салаларға пайда алып келеді деген мақсатты көздейді екен. Айта кететін нәрсе, гендік модификация көбіне жануарлар мен өсімдіктерге арнайы биологиялық инженерлік технологияны пайдалана отырып істеледі.

Адамдардың геніне келетін болсақ, ол әлі күнге дейін толық зерттелмеген және ғалымдардың айтуынша, адамның гені өзгергеннен кейін оның келесі ұрпаққа қандай кері әсері болатыны белгісіз.

Бұл шынымен жаңалық па?

Ескеретін жайт - Хэ Цзянькуй өзінің жаңалығын тек бейнежазбмен ғана хабарлады. Негізінде мұндай эксперименттер нәтижесі ғылыми журнал беттерінде шығады екен. Тиісінше ол толық мағлұматпен қатар мақалада сын пікір болуы қажет.

Ал Хэ мырза гендік модификацияға ұшыраған нысандарын ешкімге көрсетпеген. Олардың қандай жағдайда екені белгісіз. Биолог ВИЧ инфекциясын жұқтырған адамдардың Қытай заңына сай олар жайлы ақпарат жарияланбайтынын, сондықтан олардың аты-жөнін көрсете алмайтынын айтқан. Хэ алдағы уақытта бұл ғылыми тәжірибе жайлы оны толық таныстыру үшін жазбаша еңбегін жариялайтынын айтты.  

Қытай билігі бұл жаңалыққа не дейді?

Осы жағдайға байланысты Қытай билігі Гуандун аймағында орналасқан Оңтүстік ғылыми-техникалық университетінің биологы Хэ Цзянькуйдің ген деңгейінде жасалған өзгерістерге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Бірақ ғалымның қандай жауапқа тартылатыны әзірше белгісіз. Себебі Қытайдың заңнамаларында ген өзгерістері жайлы түсініктеме берілмеген.


© hellystar.com

Ген модификацияланған балалардың болашағы қандай болмақ

Бұл эксперименттің әдеп тұрғысындағы мәселесі де қозғалып жатыр, себебі қазіргі технологияны пайдалана отырып, жетілген адамның ДНҚ мен жасушаларын өзгертуге болады. Ол жеке адамның таңдауы және нәтижесі тек өзіне әсер етеді, яғни жыныстық жасушалары өзгеріске ұшырамайды. Ал Хэның экспериментіне ұшыраған Лулу мен Нанадан пайда болатын ұрпақтың жыныстық жасушаларында да өзгеріс болады екен. Жасушада болған өзгеріс таңба сияқты сақталып, келесі ұрпақтарға таралып кетеді дейді басқа ғалымдар.

Қорытындылай келе Хэ Цзянькуйдің әріптестерінің пікірлерін айта кетсек. Бұл жаңалыққа олар әртүрлі баға берді. Бірақ оның жаңалығын көптеген биолог сын көзқараспен қарсы алды.

"Қытайлықтардың менталитетіне сүйенсек, олар үшін эмбрион кезіндегі дамымаған ұрықтың мәртебесі туған балаға қарағанда төменірек. Эмбрион кезінде олар көп өзгеріс жасай алады. Сондықтан да оларда осындай балалар дүниеге келіп жатқан шығар", - дейді ресейлік академик Всеволод Ткачук.

Осы салада жүрген Джордж Дейли басқаша ой білдірді. "Бірінші геномдық өзгерту қателікпен жасалғаны бізді тоқтатпауы тиіс" - дейді ол.

Получить короткую ссылку

Автор :

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц