Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 апреля 2021 11:35

"2 минутқа кіріп шықтым". Марат Омаров той жасағанын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Карантин уақытында Шымкентте той жасады деген әнші Марат Омаров осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Карантин уақытында Шымкентте той жасады деген әнші Марат Омаров осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еске салайық, бүгін Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі "Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырғанын" хабарлаған болатын. 

Әлеуметтік желілерде жарияланған той видеосы Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, "мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров кафеде қыз ұзату жасаған".

Алайда әншінің айтуынша, бұл жалған ақпарат. 

"Біріншіден, тойды мен жасаған жоқпын. Тойға екі минутқа кіріп шыққанмын. Соны пайдаланып менің тойым деп жіберген. Бұл іспен менің заңгерлерім айналысып жатыр. Бұл тойдың маған қатысы жоқ. Желіде тараған ақпарат жалған. 

Бір жылдан бері Еуразиялық заңгерлік қызметтің мүшесі болғандықтан, менің заңгерлерім жалған ақпарат таратқан адамдарды сотқа берейін деп жатыр", - деп түсіндірді әнші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети