Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 февраля 2020 16:04

Димаштың концертінде "балет" билеген көрермен жұртты күлкіге қарық қылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Arnau туры аясында Ресейдің Краснодар қаласында өткен концертте түсірілген видео Желіде талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Arnau туры аясында Ресейдің Краснодар қаласында өткен концертте түсірілген видео Желіде талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Краснодардағы ән кеші 16 ақпанда өткен. Кейін осы кеште түсірілген видео желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Видеоны Facebook желісінің қолданушысы Наталья Газина парақшасында жариялаған.

Роликте Димаш Құдайбергеннің әніне билеп тұрған ер адам түсірілген. Димаш сол сәтте "Любовь уставших лебедей" әнін орындап жатқан. Көрермендер арасында тұрған ер адамның биінен балет элементтері байқалады.

Желі қолданушылары ер адамның биіне қатысты пікірлер жазған. "Димаштың концертіне келгеніне қатты қуанған шығар", "Жаны аспанға ұшып кеткелі тұр", "Оған қызығып тұрмын, менің де концертте сөйтіп жүргім келеді", "Әсерлі, тамаша би" деп пікір жазған.

Айта кетейік, бұл Димаш Құдайбергеннің Arnau туры аясындағы алғашқы үлкен концерті болатын. "Баскет Холлда" өткен кешке 7500 адам келген. Енді Димаш Қазан, Екатеринбург, Рига, Мәскеу, Киев, Гамбург, Прага және басқа да еуропалық қалаларда ән кешін береді.

Концерттер кестесі:

• 20 ақпан 2020, "Татнефть Арена" спорт сарайы, Қазан, Ресей;
• 23 ақпан 2020, "Екатеринбург- ЭКСПО" конгресс-орталығы, Екатеринбург, Ресей;
• 7 наурыз 2020, Арена Рига, Латвия;
• 9 наурыз 2020, "Мегаспорт" спорт сарайы, Мәскеу, Ресей;
• 11 наурыз 2020, Спорт сарайы, Киев, Украина;
• 19 наурыз 2020, Barclaycard Arena, Гамбург, Германия;
• 21 наурыз 2020, Düsseldorf ISS DOME, Дюссельдорф, Германия;
• 25 наурыз 2020, TipSport-Arena, Прага, Чехия;
• 29 наурыз 2020, Hanns-Martin-Schleyer-Halle, Штутгарт, Германия;
• 4 сәуір 2020, Минск-Арена, Беларусь.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети