ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
18 декабря 2019 | 12:14

Есболат Беделхан Димаштың шетелде домбыра шерткенін неге қолдамайтынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есболат Беделхан мен Димаш Құдайберген. © Tengrinews.kz коллажы Есболат Беделхан мен Димаш Құдайберген. © Tengrinews.kz коллажы

"Орда" тобының әншісі Есболат Беделхан Димаш Құдайбергеннің шетелде беріп жүрген концерттерінде домбыра шерткенін неге қолдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Орда" тобының әншісі Есболат Беделхан Димаш Құдайбергеннің шетелде беріп жүрген концерттерінде домбыра шерткенін неге қолдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда Есболат Беделхан Facebook желісіндегі парақшасында Димаштың басқа елдердегі концерттерінде бекер домбыра шертетінін айтқан. Алайда пікір жазғандар одан ойын толығырақ жазуын өтінген.

© facebook.com/yesbolat.bedelkhan

Мәселен "Ринго" тобының продюсері Алуа Қонарова керісінше күй орындағаны ұнағанын айтып, неге домбырада ойнағаны жақпай қалғанын сұраған.

Топ әншісі оған былай деп жауап берген: 

"Не айтқым келгенін түсіндірейін. Домбыра мен ою өз халқы туралы. Сонда ол өз халқына міндет қылады, солай ма? Яғни қазақстандықтар, әсіресе қазақтар қуанып, кеудесін мақтаныш кернейді. Ал әлемде жанкүйерлері оны жақсы көреді, жақсы көргісі келеді. Оның дәстүрі үшін емес, оның өнері үшін. Меніңше, ол бір ғана нәрсемен айналысуы керек, өнерін ғана көрсету. Ал әрі қарай өнер арқылы ол жақсылық, балаларды қорғау, өзара махаббат, табиғаттың құндылығы және сол сияқты айтуына болады. Майкл Джексон секілді, мәселен. Ал Қазақстанды жарнамалау арқылы ол қазақтардың қуанышын, мақтанышын және көңілінің толуына ғана жетіп отыр. Адекват әрі өзгенің жетістігі арқылы айызын қандырмайтындар домбыра мен шапансыз-ақ осылай қуанышты бола алады".


© facebook.com/yesbolat.bedelkhan

Тағы бір пікірінде Есболат Беделхан Димаштың шапан киіп, домбыра шертеуі арқылы дәстүрін ұстанатынын, тарихын, ұлтын құрметтейтінін айтады.

"Миллиондаған адамға тарихыңды ұмытпауды, өз халқыңды сүю керегін айтады. Бүкіл әлемге тамыры қайда екенін көрсетеді. Осы қасиеті үшін бүкіл әлемдегі көрермені құрметтейді, жанкүйерлер армиясын тәнті етеді. Бірақ бұлай жасаудың не қажеті бар?", - дейді "Орда" тобының әншісі.


© facebook.com/yesbolat.bedelkhan

Нұр-Сұлтанда Димашты жанкүйерлері қалай қарсы алды?


© facebook.com/yesbolat.bedelkhan

Еске салайық, 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Barclays Center аренасында Димаш Құдайбергеннің Arnau Tour Envoy концерті өткен еді. Димаш Arnau шоуының үздік сәттері енген, жаңартылған Arnau tour ENVOY бағдарламасын ұсынды.

Barclays Center - Jay-Z, Бейонсе, Мадонна, Рианна, Пол Маккартни мен өзге әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен Нью-Йорктегі әлемге әйгілі сахна. Димаш Құдайберген осы алаңда өз концертін берген тұңғыш қазақстандық орындаушы болып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети