Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 марта 2020 13:50

"Форсаж", "Кек алушылар" актерлері. Коронавирус жұқтырған әлем жұлдыздары кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 167 мыңнан асқан. Олардың қатарында спортшылар, шенеуніктер мен әртістер де бар. Бүгінде бірнеше Голливуд жұлдызының вирус жұқтырғаны белгілі. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырған жұлдыздар туралы баяндап, әлемге танымал әртістердің пандемиядан қалай сақтанып жатқанына шолу жасады.


Әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 167 мыңнан асқан. Олардың қатарында спортшылар, шенеуніктер мен әртістер де бар. Бүгінде бірнеше Голливуд жұлдызының вирус жұқтырғаны белгілі. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырған жұлдыздар туралы баяндап, әлемге танымал әртістердің пандемиядан қалай сақтанып жатқанына шолу жасады.

Продолжение

Том Хэнкс

Коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген ең алғашқы әлемдік жұлдыз - Том Хэнкс. 12 наурызда 63 жастағы актер Twitter желісіндегі парақшасында COVID-19 вирусын жұқтырғанын жазған.

Хэнкс пен жары, актриса Рита Уилсоннан Аустралияға сапары барысында коронавирус анықталған. Жұлдызды отбасы 5 күнге жуық Голд-Коста ауруханасында жатты.

"Сәлем, достар. Рита екеуміз осындамыз, Аустралияда. Біз өзімізді сәл шаршаңқы сезініп, тұмауратқандай болып, денеміз ауырсына бастады. Рита уақыт өте келе қалтырай бастады. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін коронавирустан тексерістен өттік, тест нәтижесі оң болып шықты", - деп жазды актер.

Ал бүгін Том Хэнкс пен жарының ауруханадан шыққаны белгілі болды. Қазір ерлі-зайыпты жалға алынған үйде тұрып жатыр. Олар өздерін оқшаулап, үйінен әзір шықпайды.

Том Хэнкс көпшілікке "Большой", "Форест Гамп", "Спасти рядового Райана", "Изгой", "Чудо на Гудзоне" фильмдері арқылы таныс. 2016 жылы актер сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың қолынан еркіндік медалін алған.

Ольга Куриленко

Голливуд жұлдызы Ольга Куриленко да коронавирус жұқтырған. Бұл туралы екі күн бұрын ғана белгілі болды. Жұлдыз вирус жұқтырғанын Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Актрисаның айтуынша, ол коронавирусқа тесті оң нәтиже көрсеткен соң, бір аптадан бері үйде карантинде жатыр.

"Дене қызуы мен әлсіздік - негізгі симптомдарым. Сақ болып, бәрін назарға алыңыздар!", - деп жазды Куриленко.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Olga Kurylenko (@olgakurylenkoofficial)

40 жастағы актриса "Париж, я люблю тебя", "Курьер", "Комната желаний", "Агент Джонни Инглиш 3.0", "Семь психопатов" фильмдерімен танылған. Оны көбіне Джеймс Бондтың сүйіктісі ретінде танып жатады. Актриса "Квант милосердия" фильмінде атақты агенттің сүйіктісі рөлінде ойнаған.

Кристофер Хивью

Бүгін "Тақтар ойыны" сериалындағы рөлімен танылған Кристофер Хивью Instagram-парақшасында коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

"Өкінішке қарай, бүгін мен COVID-19 коронавирусына сынамам оң нәтиже көрсетті. Менің отбасыммен бірге қажет болған уақытқа дейін үйде оқшауланамыз. Біздің денсаулығымыз жақсы, менде тұмаудың жеңіл белгілері бар", - деп жазды актер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Greetings from Norway! Sorry to say that I, today, have tested positive for COVID19, Corona virus. My familiy and I are self-isolating at home for as long as it takes. We are in good health - I only have mild symptoms of a cold. There are people at higher risk for who this virus might be a devastating diagnosis, so I urge all of you to be extremely careful; wash your hands, keep 1,5 meters distance from others, go in quarantine; just do everything you can to stop the virus from spreading. Together we can fight this virus and avert a crisis at our hospitals. Please take care of each other, keep your distance, and stay healthy! Please visit your country's Center for Disease Control's website, and follow the regulations for staying safe and protecting not just yourselves, but our entire community, and especially those at risk like the elderly and people with pre-existing conditions. @grymolvaerhivju #fightcorona #solidarity #takecare #folkehelseinstituttet Thanks to @panoramaagency

Публикация от Kristofer Hivju (@khivju)

Кристофер Хивью өз жазбасында коронавирусқа қарсы бірігуге шақырған.

"Біз бірге осы вирусты жеңіп, ауруханаларымыздағы дағдарысты еңсере аламыз. Өтінемін, бір-біріңізге қамқорлық көрсетіп, қашықтықты сақтап, аман болыңыздар!", - деді ол.

Кристофер Хивью - норвегиялық актер. "Тақтар ойыны" сериалындағы Тормунд кейіпкерін сомдаумен танылған. Сонымен қатар, "Ведьмак" сериалында да ойнаған. "После нашей эры", "Форс-мажор", "Форсаж 8" фильмдеріне түскен.

Идрис Эльба

Бүгін тағы бір танымал актердің коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Британиялық актер Идрис Эльба коронавирусқа тапсырған сынамасының оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді.

"Бүгін таңертең менің COVID-19 сынамам оң нәтиже көрсетті. Өзімді жақсы сезінемін, әзірге ешқандай симптомдар жоқ. Бірақ мен вирус жұқтыруым мүмкін екенімді білгеннен бастап оқшауландым. Үйде болып, дүрбелең салмаңыздар", - деп жазды Эльба Twitter желісіндегі парақшасында.

Актер жанкүйерлеріне жағдайын айтып отыруға уәде берді.

Идрис Эльба "28 недель спустя" (2007), "Рок-н-рольщик" (2008), "Мальчики-налетчики" (2010) фильмдері және "Тор" (2011, 2013, 2017) трилогиясындағы Хеймдалл рөлімен танылған.

Жұлдыздар қалай сақтанып жатыр?

Бүгінде әлем жұлдыздары пандемиядан өздігінше сақтанып жатыр. Бірі қорғаныс костюмін киіп саяхаттаса, бірі оқшауланып, үйінде отыр. Мысалы, актриса әрі модель Эмили Ратаковски Instagram желісіндегі фолловерлеріне қажет емес жағдайда көшеге шықпауды еске салған.

"Сәлем, халқым. Өтінемін, алдағы бірнеше апта бойы үйден шықпаңыздар", - деп жазды модель.

Ратаковски секілді Орланда Блум, Леди Гага секілді жұлдыздар да үйінде карантинде жатыр. Пандемия уақытында саяхаттап жүргендер де бар екен. Наоми Кэмпбелл саяхат кезінде қорғаныс костюмі, маска және көзілдірік тағып жүреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Naomi Campbell (@naomi)

Кей әнші қолды сабындап жуудың маңызды екенін түсіндіру үшін әлеуметтік желіде видео түсірген. Мысалы, Мэрайя Кэрри видеосында қолды 20 секунд жуу керегін айтқан. Роликте оның 1995 жылғы хит әні Fantazy әуені ойнап тұрады.

Мұндай видеоны TikTik желісінде әнші Глория Гейнор да түсірді. Ол I will survive әнінің фонында қолын сабындап жуады.

@gloriagaynor

It only takes :20 seconds to “SURVIVE!”??? ##iWillSurviveChallenge ##fyp ##coronavirus ##handwashing

♬ I Will Survive - Gloria Gaynor

Әнші Майли Сайрус Instagram желісіндегі парақшасында өзі басты рөлде ойнаған "Ханна Мантана" сериалының үзіндісін жариялаған. Жазбаның сипаттамасына ол "Карантиннің екінші күні. Бұл нағыз мен. Дәл қазір", - деп жазған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Day 2 Quarantine. This is the REAL ME. RIGHT NOW. ???????

Публикация от Miley Cyrus (@mileycyrus)

Ал Джастин Бибер коронавируспен күресу үшін қайырымдылық жасаған. Басқа да теле, кино, шоу-бизнес жұлдыздары пандемия уақытында сақтық шараларын ұстану маңызды екенін еске салған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети