ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 апреля 2018 | 12:11

Ғаділбек Жанай тікелей эфирге шығамын деп келеңсіз жағдайға тап болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрлары Видео кадрлары

Әнші Ғаділбек Жанай телеарна тікелей эфиріне шығып отырған сәтінде келеңсіз жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Ғаділбек Жанай телеарна тікелей эфиріне шығып отырған сәтінде келеңсіз жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға "Жетінші арна" телеарнасындағы "Өз ойым" бағдарламасының тікелей эфирінде болған. Әнші бағдарламаның "Салмақтылар" тақырыбында сөз сөйлеу үшін Skype арқылы қонақ болып отырған. Осы кезде көлік тізгінде отырған Ғаділбек Жанайдың соңынан жол полициясы көлігі келіп тоқтайды. Әнші дереу тікелей эфирде екенін, бағдарламаға қатысып отырғанын айтып жатады. Осы кезде видео үзіліп, бағдарлама жалғасын табады. 

Тікелей эфирді қаншама жыл көлемінде жүргізіп келе жатқан Лəйлə Сұлтанқызы таңғалысын жасырмай, осындай жайттың алғаш болып тұрғанын жасырмады.

"Бағдарламамыз артық салмақ және онымен күресу жолдарына байланысты еді. Соңғы уақытта Ғаділбек азып, салмақ тастағаннан кейін оның пікірін білейік деген едік. Ол бізбен хабарға шығып, көлігін тоқтатқан. Сөйтсек, артынан полиция қызметкері келіп қалды", - дейді Сұлтанқызы. 

Әншінің эфирден тыс оқиғасы қалай болғанын бағдарлама ұйымдастырушылары анықтап берді.

Олардың айтуынша, Ғаділбек Жанай байланысқа шығу үшін тоқтаған маңда мұның алдында жол-көлік оқиғасы болып, кейін жол полиция қызметкерлері ауданда тәртіпті бақылап жүрген. Осы кезде әнші тоқтап тұрған кезде "Камри, алға жүріңіз" деген дауысты бағдарлама студиясында отырған жүргізушілер "Камераны өшір" деп қате түсініп қалған. Полиция қызметкері Ғаділбек Жанайға алға қарай барып тоқтауын сұраған екен. Ешқандай ереже бұзбаған әнші кейін өз жайымен кете барған", - деп түсіндірді оқиғаны бағдарлама ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer