Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 октября 2022 09:41

"Хайп қуды ма?" Төреғалиді өнердегі әріптестері қолдап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: видеодан алынған кадр Фото: видеодан алынған кадр

Желіде белгілі әнші Төреғали Төреәліден соққы жедім деген жігіт жанайқайын жеткізген еді. Оқиға Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде болған. Төреғали Төреәлінің өнердегі әріптестері оның бұл ісіне бола сөкпеуді сұрап, қолдап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Желіде белгілі әнші Төреғали Төреәліден соққы жедім деген жігіт жанайқайын жеткізген еді. Оқиға Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде болған. Төреғали Төреәлінің өнердегі әріптестері оның бұл ісіне бола сөкпеуді сұрап, қолдап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мейрамбек Бесбаев

"Төреғалидің бүгінгі жағдайын ойласам:
Қолымда бір қамшым бар сәліңгірдей,
Атандым елге тентек кәдімгідей.
Бір тентек ел ішінде жүрмей ме екен,
Соңыма неге түстің бәрің бірдей? деген Аманғали Серінің өлең жолдары еріксіз еске түсе береді. Төреғали інімнің басы дауға іліккелі әркім жағдайды сан саққа жүгіртіп жатыр. Көре алмайтындар "сауап болды" деп күндесе, жақсы білетіндер "жаңылғаны шығар" деп демеу болып жатыр. Бас жарылып, көз шыққан дәнеңе жоқ. "Ер шекіспей, бекіспейді" деген де бар бұл қазақта. Екі жігіт шекісіп қалып, енді қол алысып, құшақтасып жатса, достыққа қарай қадам басса, бұл бәріміздің ұтқанымыз емес пе! Шекіскен екі жақ бітімге келіпті, оған құқық қорғау органдары да қарсы болмас деп ойлаймын. Өз балаларыңды өзегінен тебем десеңіздер еріктеріңіз білсін. Төлеген Айбергеновтің "Қисықтығын өзгенің, түзу тұрып дәлелде" деген жолдарын еске алсақ, ең әуелі бәріміздің бойымызда бар өз мінімізден ұялар едік. Төреш өз мінезін игере алмапты, дұрыс емес. Бірақ кім бізге өз жақсысын әкеп береді дейсіз?! Жігітке тән шалт мінез, жасындай жарқ еткен эмоциямен екі азамат бірін-бірі ренжіткені рас, дегенмен арты жақсылықпен аяқталып отыр. Бұл да мәмілеге асығатын, жау болғанша бауыр болуға ұмтылатын өзіміздің қазақи болмысымыз емес пе! Енді біз де елдігімізге жараспайтын ұсақ-түйек өсекті тоқтатып, керісінше ел іші даудан, сырты жаудан аман болсын деп тілейік", - деп жазған Мейрамбек Бесбаев.

МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚИ АЛАСЫЗДАР. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети