Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 декабря 2021 17:50

"Карантинде жылқыны шетінен сатып отырдық". "Жұлдыздың жары" жобасында - Нұргүл Құдайбергенова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі әзілкеш Қанат Әлжапбаровтың жары Нұргүл Құдайбергенова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі әзілкеш Қанат Әлжапбаровтың жары Нұргүл Құдайбергенова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында карантин кезінде немен айналысқандары, бір-біріне бүкпесіз айтатын сын-пікірлер, отбасылық өмірдегі қызық оқиғалары туралы әңгімеледі.

Бағдарлама қонағы бір-біріне қандай сын айтатындарын әңгімеледі.

"Қанат әрқашан сын айтып отырады. Қасымда жүрген жарым болғасын, көріп тұрған нәрсені айтқасын, дұрыс қабылдаймын. Мысалы, "толып кеттің, диета ұста" дейді. 1-2 күн ұстаймын да, ұмытып кетемін. Ол айнаға қарап тұрып, "әдемімін", "сұлумын" деп айтады. Өзін қатты жақсы көреді. "Өзіңе сұлу болып көрінесің бе?" деп сұраймын. Жақсы көресің ғой, бірақ өзіне де аса "красавчиксің" деп айта алмаймын деймін. Қатты красавчик болмағанына шүкір деймін, қызғанып жүретін едім", - деді бағдарлама қонағы.

Нұргүлдің айтуынша, карантин олардың отбасын да айналып өтпеген, бірақ жинаған малдың арқасында ол кезден де өткен.

"1 жыл үйде отырды. Осы уақытқа дейін жинаған малы бар. Жылқымен айналысады, Қанаттың өзі жақсы көреді. Жылқыны шетінен сатып отырдық. Қазір Құдайға шүкір", - деді ол.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әнші Төреғали Төреәлінің және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.78   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети