Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің шығармашылықтан бөлек басқа да салаларда таланты барын барлығы біле бермес. Біреулері бос уақытын ат баптауға жұмсаса, басқалары қолы босаған сәтте кептер асырап, аң аулауға шығады екен. Tengrinews.kz тілшісі өнер иелерінің өзге қырларын анықтап көрді.
Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің шығармашылықтан бөлек басқа да салаларда таланты барын барлығы біле бермес. Біреулері бос уақытын ат баптауға жұмсаса, басқалары қолы босаған сәтте кептер асырап, аң аулауға шығады екен. Tengrinews.kz тілшісі өнер иелерінің өзге қырларын анықтап көрді.
Әнші Мейрамбек Бесбаев Talklike бағдарламасына берген сұхбатында бала күннен бері көгершін ұстайтынын айтқан еді. Әншінің айтуынша, ол құстың барлық түрін жақсы көреді.
"Таразда оқыған кезде мектептегі сыныптастарымыздың барлығы көгершін ұстайтын еді. Таразда кептер ұстау деген сәнге айналған болатын. Қазіргі балалар ұстай ма екен, білмеймін. Қолға үйренетіні сол болды. Ал былай құстардың барлығын жақсы көремін. Желідегі парақшамда байқасаңыздар көп құстарға жазылғанмын", - дейді Мейрамбек Бесбаев сұхбатында.
© instagram.com/m_besbaev
"Көгершінге деген махаббат ерекше. Бала күнгі махаббат қалмаған. Есейсек те кептер ұстаймыз. Ой қымбат емес. Ең қымбаты ары кетсе 500 доллар тұратын шығар. Ал былай 10 мың теңгеден басталады. Көбінесе маған сыйлайды. Оған қоса, таныс адамдардан аламыз", - дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал отандық актриса Әсел Сағатова кино мен сериалдарға түсуден бөлек, бимен де айналысады екен. Әлеуметтік желідегі парақшасындағы жарияланымдарға қарағанда, Әсел кезінде кәсіпқой бимен айналысқан, кейін біраз уақыт айналыспай кетіп, таяуда хоббиіне оралыпты.
Сондай-ақ, актриса сұхбаттарында сурет салуды және спортпен айналысуды ұнататынын айтқан.
© instagram.com/asselsagatova
Әнші Тоқтар Серіков болса бос уақытын таза ауада өткізгенді қалайтынын байқауға болады. Жеке парақшасындағы суреттерден әншінің атқа мініп жатқан сәтінен не болмаса ұлымен табиғатта жүрген суреттері көп екенін аңғаруға болады.
©instagram.com/toktar_beibyt
Абай Бегей де атқа мініп, саятшылық құрғанды ұнатады екен.
© instagram.com/abai_begei
Спортсүйер жұлдыздардың ішінде Мақпал Исабекованы атап өтуге болады. Қазақстандық әншінің әлеуметтік желідегі парақшасынан бос уақытты спорт залында өткізетінін және салауатты өмір салтын ұстанатыны көрінеді.
Әнші спортзалдан бөлек, үйде де спортпен шұғылданып, жаттығулар жасап жүреді.
© instagram.com/makosyai
Айсұлу Әзімбаева да спортқа жақын жұлдыздардың бірі.
© instagram.com/strangeice
Көкпар тартқан сәті түсірілген "Алдараспан" әзіл-сықақ театрының жетекшісі Нұржан Төлендиев Желі қолданушыларын тәнті етті. Қолданушылар Жеті қырлы, бір сырлы жігітсіз ғой", "Нағыз еркек", "Палуан", "Күшті, керемет" деп пікірлер қалдырып жатыр.
© instagram.com/nurjan_tolendiev_official
Қайрат Нұртас да өзге жұлдыздар сияқты ат баптап, табиғатта демалуды ұнатады екен. Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында таза ауаға шығып, демалып жатқан сәттерін жиі бөлісіп тұрады.
© instagram.com/kair_n
Әнші Диас Аблаев әр елдің шыныаяғын жинайды екен. Қазіргі уақытта коллекциясында 60-тан аса шыныаяқ бар екен.
© instagram.com/dias_ablayev
Танымал актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім де өзге де жұлдыздар сияқты атқа мініп, таза ауада демалғанды жақсы көреді.
© instagram.com/mussilim
Актер әрі әнші Дастан Оразбеков болса аңшылыққа алғаш рет шықса да, уақытты жақсы өткізген көрінеді.
"Өмірімде бірінші рет аңшылыққа шықтым. Нәтижесінде бір құсқа тигізе алмай, ауға мылтық атқаныма риза болып қайттым. Бәрі кезінде тирде мылтық атқандай оңай десем, аңшылықта мүлдем басқаша екен. Дегенмен қасымдағы аңшылыққа икемденіп алған ағаларым құр қол қайтармады. Енді қазды қалай тазалау керек екнін білсем ғой", - деп жазған әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасына тәнті болып, "қолыңыздан бәрі келеді" деп қолдау білдіріп жатыр.
© instagram.com/dastanello82
Оқи отырыңыз:
Қазақ жұлдыздарынан аумайтын "сыңарлары". Топ-15
Металлург, қаржыгер, әскери - қазақстандық жұлдыздар қандай мамандық таңдаған?
"Қай жылғы сурет?" - Отандық жұлдыздар мектеп кезінде қандай болды