Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 июня 2018 13:36

Металлург, қаржыгер, әскери - қазақстандық жұлдыздар қандай мамандық таңдаған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Бүгінде ҰБТ тапсырып жатқан мектеп түлектерінің ендігі елеулі қадамы - мамандық таңдау. ЖОО-ға алғаш қадам аттайтын кезеңінде жастар болашақ өмірі жайлы ойлана келе, жаны қалаған салаға барады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі атақты шоу-бизнес өкілдерінің кезінде қандай маман иесі атанғанын анықтап, қызықты мәліметтерді ұсынады. 


Бүгінде ҰБТ тапсырып жатқан мектеп түлектерінің ендігі елеулі қадамы - мамандық таңдау. ЖОО-ға алғаш қадам аттайтын кезеңінде жастар болашақ өмірі жайлы ойлана келе, жаны қалаған салаға барады. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі атақты шоу-бизнес өкілдерінің кезінде қандай маман иесі атанғанын анықтап, қызықты мәліметтерді ұсынады. 

Әртістердің көбі өнердің артынан еріп қызыл диплом мен жоғары оқу орнындағы білімін тәрк етті. Көп танымал жұлдыздардың ішінде арнайы оқу орнын тәмамдамай-ақ қызыл кілімде аяғын нық басып, көрермендердің ықылысына бөленіп жүргендер қаншама.

Бүркіт

Атақты әнші, продюсер Бүркіт (шын есімі - Айбек Сейітов) әскерде қызмет еткен орындаушылардың бірі. Актер республикалық гвардияда қызмет етті - ПҚҚ (Президенттік қауіпсіздік қызметі). Қызметтен кеткеннен кейін Бүркіт заңгерлік білім алған.

Аша Матай

Аша Матай - әнші, актриса, тележүргізуші. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша қызыл диплом алды. Қазіргі уақытта Аша өзінің сүйікті ісімен айналысып, Асылым деген қыздың анасы атанды.

Асель Сәдуақасова

Dauys International тобының экс қатысушысы, "Замуж в тридцать", "Келинка тоже человек" фильмдерінде басты рөлде ойнаған белгілі актриса, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Асель актриса, әнші және тележүргізуші ретінде танылып, көрерменнің ерекше ықыласына бөленіп жүр.

Айқын Төлепберген

Болашақ әртіс Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ тау-кен металлургиялық факультетін инженер-полиграфшы мамандығында оқып бітірді. Айқын бір біліммен шектеліп қана қоймай, одан кейін экономика мамандығы бойынша Тұран университетінің дипломын алды. Айқын танымал SuperStar.kz әндер жобасының жарқын бастамасынан кейін өзінің музыкалық мансабын кәсіби түрде дамытуға кірісті.

Тәуекел Мүсілім

"Брат или брак", "В поисках мамы" және тағы да басқа фильмдерде басты рөлде ойнаған қазақстандық ең келбетті актер, тележүргізуші "инженер-механик" мамандығы бойынша білім алған. Алматы қаласы. Мұқағали Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясын бітірген. 

"Қазақ әдебиет пәні жетекшісі Гүлнар апай Алматы қаласы. М.Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясы", - деп жазған еді Тәуекел Мүсілім Instagram желісіндегі парақшасында. 

Дильназ Ахмадиева

Әнші алғаш рет 4 жасында сахнада ән салды. Жастайына қарамастан, ол "Сиқырлы алма" атты балалар фэнтези фильмінде түсті. Алайда Дильназ 2002 жылы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық Тілдер Университетінде аудармашы-референт ретінде ағылшын тілінің факультет мамандығын тәмамдады. Бірақ, Дильназ Ахмадиеваға әншілік бұйырып тұр екен.

Қарлығаш Мұхамеджанова

Актриса Қарлығаш Мұхамеджанова шығармашылық отбасында дүниеге келді. Қарлығаш танымал композитор Төлеген Мұхамеджановтың және атақты опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның қызы. Белгілі актриса ата-анасының жолын қумай, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді. Екі жылдан кейін магистратураны бітіріп, АҚШ-та тәжірибеден өтті.

Нұртас Адамбай

Қазақстандағы танымал "Келинка Сабина" фильміндегі басты рөлде ойнаған актер, телевизиялық продюсер Нұртас Адамбай Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді. Нұртас оқуды бітіргеннен мамандығы бойынша ұзақ уақыт бойы жұмыс істеді. Бірақ КВН-ның қатысушысы болғандықтан Нұртас Адамбай шығармашылығын білімінен жоғары қойды.

 Әсел Сағатова

"Ирония любви", "Рекетир" фильмдері арқылы танымал болған актриса әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетін қызыл дипломмен бітірген. Бірақ ол мамандықты ары қарай жалғастырмаған Әсел бүгінде Қазақстандағы ең табысты актриса, тележурналист, модель. 

Айсұлу Әзімбаева

Актриса әрі модель Айсұлу Әзімбаева мамандығы бойынша - қаржыгер. Ол Дубайда Америкалық университетті тәмамдаған. Айсұлудың айтуынша, ол кездейсоқ актриса болды. "Мен түсіру процесін жанымдай жақсы көремін, түсірілімсіз өмір сүре алмаймын" , - дейді Айсұлу Әзімбаева.

Мақпал Исабекова

2002 жылы Мақпал Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне қаржы-экономикалық факультетінде оқыды. Дәл осы кезде, әншінің өмірін танымастай өзгерткен SuperStar.kz танымал жобасына өтті. 2009 жылдың жазында Мақпал ГИТИС-ке түсті. Сондықтан, Мақпалды мамандандырылған кәсіби әнші деп тануға болады.

Санжар Мәдиев

Санжар Мәдиев - актер. Халықаралық лингвистикалық гимназияны бітіріп, экономика факультетінде Қазақ ұлттық университетін бітірді. Ол оқуды бітіргеннен кейін сол университеттің магистратурасында оқып, Қазақ ұлттық өнер академиясында қатарлас оқуын жалғастырып жүрді.

Диас Аблаев

Диас Аблаев - әнші, музыкант. Алған білімі: KIMEP университетіндегі "Мемлекеттік және жергілікті басқару".

Аружан Жазылбекова

"Анаға апарар жол" көркем фильмінде басты рөлде ойнаған Аружан Жазылбекова мамандығы бойынша Қазақстан менеджмент, экономика және стратегиялық болжау институтын тәмамдаған. Факультеті бойынша, Халықаралық журналистикада оқыды. Аружан тағы "Побег из Аула. Операция Махаббат",  "Свадьба на троих", "Алтын Орда" атты фильмдерде ойнады.

Гүлнар Сильбаева

Танымал SuperStar.kz жобасында алғаш рет көзге түскен Гүлнар Сильбаева болды. Талантты әнші, актриса көрермендердің жадында зор даусымен есте қалды. Кейін "Казахи" КВН жоғары лигасының командасында қатысушы болды. Гүлнар KIMEP университетіндегі Менеджмент және Маркетинг факультетін бітірген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети