Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 марта 2020 18:31

Қазақстандықтар "Біз біргеміз" челленджін қолдап, ән айтты

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар "Біз біргеміз" челленджін қолдап, ән орындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар "Біз біргеміз" челленджін қолдап, ән орындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отандық әншілер де #bizbirgemiz хештегімен ән орындап, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеп жатыр. Мысалы, танымал Кеш YOU тобының қазіргі және бұрынғы орындаушылары, продюсер Баян Мақсатқызы, "Алау" тобының солистері және тағы да өнерпаздар "Туған жер" әнін орындады.

"Қазақ жері - небір нәубет заманның куәсі, "мың өліп, мың тірілген" халықтың панасы, дархан көңіл мен жомарт мінездің қайнары, ерлік пен елдіктің Отаны. Туған жер, туған елге деген махаббат бабаларымызды атқа қондырып, майданға аттандырса, бізді үйде ұстап, көптен оқшауландырды. Туған-туыс, ағайын-жекжат, дос-жаранды коронавирус індетінен сақтау үшін біз үйде отырмыз, бірақ біз қашан да сіздермен біргеміз!", - деп жазған әнші Erik Akhim видео сипаттамасына. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erik Akhim (@erikakhim)

Сонымен қатар, Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің бір топ жас өнерпазы Қазақстан аумағына коронавирус індетінің таралуына байланысты Ибрагим Ескендірдің "Біргеміз" әнін орындап шықты. Осылайша, олар елде төтенше жағдай жарияланған кезде халықты қолдап, рухын көтеруге ынталы. 

Видео Instagram желелісіндегі ansambl_ng парақшасында жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ӘН-БИ АНСАМБЛІ?? (@ansambl_ng)

Айта кетейік, Tengrinews.kz те #КвартирникTengri жобасы жүріп жатыр. Онда бүгін Айдос Сагат пен оның командасы өнер көрсетеді. Басталуы 18:00-де.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети