Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 февраля 2021 16:41

Мейрамбек Бесбаевқа тілек айтқан әжей желі қолданушыларын тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевқа тілек жолдаған әжей желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевқа тілек жолдаған әжей желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желіде әншіге сәлем жолдап, тілегін айтқан әжейдің видеосы тарады. Онда немересі әжесімен қалжыңдаспақ болып, тікелей эфирге шығып отырғанын, экранның арғы бетінде Бесбаев отырғанын айтады. Сосын әжей сәлем жолдап, әншіге тез сауығып кетуін тілейді.

"Мейрамбек, тәуір болып кет, жаным. Қазақтың атын шығара бер, жақсы болып кет, айналайын. Тілеуіңді тілеп жатырмыз", - дейді әже видеода.

Осыдан кейін немересі Мейрамбек Бесбаев болып әжеге телефон соғады. Әжей оған 85 жаста екенін, Қызылорда облысынан екенін айтып, тағы да тілегін білдіреді. Видео соңына қарай Мейрамбекпен сөйлеспегенін түсінеді. 

Бұл видеоны әнші Instagram желісіндегі парақшасына жариялап, әжені тауып беруді сұраған. Кейін Бесбаев әжеймен сөйлескен сәтінің видеосын жүктеді. Бұл видеода әнші әжейге ауруханадан шыққанын, денсаулығы жақсы екенін айтып, алғысын білдіреді. 

Бұл видео желі қолданушыларын тәнті етіп, олар әжеге де, әншіге де алғыс айтқан. 

"Жаным сол, рақмет бармасаң да, телефонмен амандығын сұрадың, апам жас бала сияқты Аяз атаны күткендей болды ғой",  "Әжеміз баладай қуанды, батасы қабыл болсын", "Немере деген шіркін керемет қой, ойыны шынға айналды! Өсіріп отырған ұл-қызыңыздың қызығын көріңіз!", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары. 

Еске салайық, 17 қаңтарда Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені хабарланған. Бірнеше күннен кейін жағдайы жақсы екенін айтып, желіде жазба жариялаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети