Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 июня 2020 11:38

"Өзгеріске ұшыраған" танымал қазақстандықтарды тани аласыз ба?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде тағы бір тренд пайда болды. Қазақстандық танымал тұлғалар арнайы бағдарламаны қолданып, бет-әлпеттерін "өзгертіп жатыр". Ал сіз "өзгеріске ұшыраған" танымал қазақстандықтарды тани аласыз ба? Tengrinews.kz тілшісі топтама жасады. 


Әлеуметтік желіде тағы бір тренд пайда болды. Қазақстандық танымал тұлғалар арнайы бағдарламаны қолданып, бет-әлпеттерін "өзгертіп жатыр". Ал сіз "өзгеріске ұшыраған" танымал қазақстандықтарды тани аласыз ба? Tengrinews.kz тілшісі топтама жасады. 

Бұл 2019 жылы өз жұмысын тоқтатқанын жариялаған "Алау" тобының мүшесі. Айта кетейік, аталған топтың продюсері - Баян Алагөзова болған. 

Ал бұл той әлемінде орын алған, елімізді әлемдік деңгейде танытып жүрген тұлғалардан топтама. 

Ол Қызылорда қаласының атынан шыққан "Қызықорда" командасының капитаны болған. Бүгінде Тұрсынбек Қабатов басшылық ететін "Әзіл әлемі" театрының мүшесі. Жайдарман арқылы көзге түскен актерді Қабатов байқап қалып, театрға шақырған. 

Театрдағы қызметінен бөлек, телевизиялық шоуларда жүргізуші болып жүр. Бірнеше жыл бұрын өзін "Шоу-айтыста" да сынап көрген еді. 

Бұл топтамада бірі әзілкеш болса, енді бірі қазақ сахнасындағы өнер иесі. 

Суретте КешYou тобының экс-солисі. 1988 жылы 28 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Алматыда 3 курста оқып жүргенде КешYou тобының солисі болып қабылданады. Артынша Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының "Эстрада" факультетіне ауысады.

Бұл - қазақстандық әнші қыздардан құрылған "КешYou" тобының экс-солисі. Бүгінде ол әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп отырады, екі баланың анасы. 

Бұл - 2006 жылы құрылған "КешYou" тобының тағы бір экс-солисі. Танымал актер Дәурен Айдарқұловтың жары. Екеуі бүгінде бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр. 

Бұл - танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса әрі тележүргізуші. 2017 жылы қалың көпшілікке ұсынылған "Арман" фильмінде басты рөлде ойнаған. 

Ал бұл белгілі актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы. Актер әрі әнші бүгінде шығармашылыққа ден қойған. 

Суреттер әлеуметтік желідегі парақшаларынан және @qaz.stars парақшасынан алынды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети