Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 июля 2019 17:08

"Шошып кеттім ғой". Отандық жұлдыздар зейнет жасында қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық эстрада жұлдыздары FaceApp бағдарламасындағы функция арқылы қартайған суреттерін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық эстрада жұлдыздары FaceApp бағдарламасындағы функция арқылы қартайған суреттерін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқылардың бірі болып көзімізге түскені әнші Ғаділбек Жаңай. 

"Жетпісімде ән шырқасам арман не?", - деп әзілдеп жазба қалдырған екен. 

Көптен бері сахна төрінен көрінбей кеткен Бақыт Шадаева да трендте.

"Қарт кезді де алдын-ала көретін болдық", - дейді Бақыт.

Әнші Арман Қоңырбаев та қартайған шағын елестетіп көрген екен. Арманның суретіне қарап оны оқырмандары актер әрі режиссер Досхан Жолжақсыновқа ұқсатқан екен.

"Mysterions" тобының тағы бір мүшесі Дильен де қартайып кеткен суретін жариялаған.

"Сары нәскидегі ғалым ата", - деп Дильенның оқырмандары пікірлер жазған екен.

"Түрім осындай болғанда Алматыда жоқ жоқ, Астанада жоқ жоқ деп ән айтып жүрсем?!", - деп пікір қалдырған екен әнші Ерке Есмахан. 

Қартаю челленджін қолдаған отандық жұлдыздардың бірі - актриса Жания Джуринская. 

Боксшы Жанқош Тұраров та "қартайып" кетіпті. 

"Кластастар жиналамыз дегенге келсем, Боб қана тұр ғой. Сыныптастардан екеуміз ғана қалыппыз", - деп әзілдеп жазба қалдырған екен боксшы. 

Әнші Ақерке Бүркітбай өзін әжеге теңестірген екен. Алайда өзі бұл образ оған жараспайды деген ойда.

Аға буын өкілдері де трендте. Солардың бірі "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдраимов. 

"Біз де жас болғанбыз", - деп әзілдеп жазба қалдырған екен. 

"Меломен" тобының солисі Ролан Қазретов өзін стильді атаға теңеген екен.

"Қартайған деген осы шығар", - деп әнші Серікбол Сайлаубек те оқырмандарымен суретімен бөліскен екен.

"Ринго" тобының мүшесі Әділжан Умаров та сәнді аталардың қатарында. 

"Шамамен 70 жастамын. Жаман емес сияқты, иә?", - дейді әнші.

Әнші Айдана Меденова бағдарламаға салған суретінің нәтижесін көріп таңқалған көрінеді. 

"Шошып кеттім ғой", - дейді Айдана.

Ал әнші Дастан Оразбеков қартайса да, жары Жанат еш өзгеріссіз.

Себебі: "Жасым жетпіске келсе де, сен мен үшін әр кез он сегіздесің", - дейді әнші.

Ал продюсер Жан Мұқанов болса: "Ешкімнен қалыспай мен де сіздерге байқау жүргізейін! Барлық кісілердің аттарын дұрыс айтқан бірінші адамның картасына не балансына 5000 тг жіберемін! Кеттік!", - деп атақты адамдардың қартайған шақтағы суреттерін бөлісіп, шағын байқау ұйымдастырған екен. Соның ішінде әнші Мейрамбек Бесбаев та бар екен. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети