Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 октября 2023 14:46

Танымал қазақстандық актер 6,5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/askarzhumabeqov Фото: instagram.com/askarzhumabeqov

Танымал актер Асқар Жұмабеков істі болып, 6 жыл 6 айға сотталды. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты актерге қатысты үкім шығарды. Өнер иесі не үшін істі болды? Оған қандай айып тағылды? Ол қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.


Танымал актер Асқар Жұмабеков істі болып, 6 жыл 6 айға сотталды. Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты актерге қатысты үкім шығарды. Өнер иесі не үшін істі болды? Оған қандай айып тағылды? Ол қанша жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

11 қазанда Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты келушілерді ұрып-соққан караоке бар қызметкерлері К., Т., С., Р., Н., және К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Олардың ішінде актер Асқар Жұмабеков те бар.

Оқиға қашан және қалай болды?

Сот мәліметінше, былтыр 28 желтоқсанда қаладағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал болған. Кейін жанжал төбелеске ұласқан.

Мекеменің күзетшілері мен диджейлері, сондай-ақ, барда болған олардың таныстары жәбірленушілерді ұрып-соға бастаған. Жәбірленушілер оқиға орнынан қашып кетпек болған. Алайда сотталушылар оларды көшеде қуып жеткен. Төбелес кезінде сотталушылардың бірі пышақ қолданбақ болған.

Зардап шеккендерге қандай зиян келтірілген?

Соққы салдарынан зардап шеккен бес адамның екеуі денсаулығына ауыр және орташа дәрежедегі зиян келтірілген. Олардың мұрны сынған, миы шайқалып, бас жарақатын алған. Айыпталушылар біреуіне орташа, ал қалған екеуіне жеңіл зиян келтірген.

Сотталушыларға қандай айып тағылды?

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі "бұзақылық", Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі және 107-бабы 2-бөлігі "денсаулыққа қасақана ауыр және орташа зиян келтiру" бойынша айып тағылды.

Сот үкімімен Ж., К., Т., С., Р., Н. және К. Қылмыстық кодекстің 293, 106 және 107-баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Р.-ға 6 жылға, К., Т., С., Н., К.-ға 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал актер Асқар Жұмабековке 6 жыл 6 ай 15 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өйткені ол бұған дейін Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша кінәлі деп танылып, бұрынғы сот үкімі бойынша өтелмеген мерзімі болғаны үшін оған 15 күн қосылды.

"Сотталушылардың кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен расталады", - делінген хабарламада.

Айыпталушылар кінәсін мойындамады. Жәбірленушілер сотталушыларды кешірген жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Асқар Жұмабеков - қазақстандық актер. Ол "Ақжауын", "Рауза" телехикаяларына түскен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети