Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
23 февраля 2020 11:30

Танымал вайнер Мейіржан Төребаев "Estate Ломбард" үстінен арыз жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: vk.com/meir1983 Сурет: vk.com/meir1983

Белгілі вайнер Мейіржан Төребаев та "Estate Ломбард" үстінен полицияға шағым түсірді, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі вайнер Мейіржан Төребаев та "Estate Ломбард" үстінен полицияға шағым түсірді, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мейіржан Төребаев Instagram желісіндегі парақшасында ресми мәлімдеме жасамағанымен Instagram-stories функциясы арқылы осы жағдайға байланысты полицияға шағымданғанын мәлімдеді.

"Міне, астанадағы Есіл аудандық ішкі істер бөліміндеміз. Мені алдап, көлігімді алып қойғаны туралы шағым жаздым. Мен де ломбард құрбанымын. Өкінішке қарай, солай сеніп қалдық", - дейді вайнер бейнежазбада.

Сонымен қатар, Мейіржан Төребаев ломбард нақты жұмыстарын көрсеткеннен кейін сеніп қалғанын жазған. Айтуынша, компания вайнерге достары арқылы шығып, видео түсіруді сұраған. Құқық қорғау органдарына шағымданған вайнер енді жауап күтетінін жазған.

"Мен де xалық секілді мұндай болатынын күтпедім", - деп жазған вайнер.

Вайнер тіпті кепілге көлігін салып қойғанын жазған. Ол дәлел ретінде ломбардпен жүргізген келісімшартын және полицияға жазған шағымын жариялаған. 

Вайнердің жары, белгілі блогер Дана Есеева тілшімізге Мейіржан алаяқтық дерегі анықталмағандықтан әзірше мәлімдеме жасай алмайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген мен Артур және Асылxан Төлеповтер де "Гарант-24" компаниясының құрбаны болғанын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, бұған дейін Атырау, Павлодар, Ақтау, ШҚО, Тараз және Қарағандыдағы "Гарант-24 Ломбард" ЖШС аймақтық филиалдарының басшылары ұсталған. "Алаяқтық" және "қаржы пирамидаларын құру" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети