Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 августа 2019 16:54

"Ұтсаң, ұзағырақ қораға кіресің". Әнші Бағлан Әбдірайымов кітап жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/baglan_abdraimov_official © instagram.com/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов өзінің жаңа кітабынан үзінді жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов өзінің жаңа кітабынан үзінді жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Әбдірайымов жақында "Ақ пен қара" атты кітабы шығатынын айтып, мұнда қоғамдағы басты дерттердің бірі - құмар ойын мәселесін қозғайтынын айтты.

"Әр ойнаған сайын ұтсаң ұзағырақ қораға кіресің. Өйткені эмоциямен алдыңды болжай алмайсың. Ал ұтылсаң "енді ойнамаймын" - деп мың уәде бересің. Алайда ақша түссе ұмытып қалып, қайта барасың. Не үшін ойнайсың? Осы сұраққа жауап тапсаң қоюдың жолын тапқаның. Қарыз құтылу үшін ойнасаң армандапсың. Ол - балота. Қозғалған сайын бата бересің. Ал жәй азарт басу үшін болса осы жерден басқа азартқа ауысып үлгеріңіз. Мысалы: спорт, табиғат, саяхат. Бұл қолдан келмей жүрсе достармен көңіл көтеруді әдетке айналдырыңыз. Есіңізде болсын!!! Бәлені бәле қайтарады. Одан қорықпаңыз. Егер саналы, есті азартникпін десеңіз ойынға жұмсар ақшаның 10% садақаға беріңіз. Шын мұқтажды тауып өз аяғыңызбен барып, өз қолыңызбен табыстаңыз. Тәубеңе келтіреді. Сол бейне көз алдыңызда тұрып ставка мнение дегенге кәдімгідей кедергі келтіреді. Жиі қайталап әдетке айналдырсаңыз құтыласыз! Сізде өмір бойы екі таңдау бар. Қарызға кіріп берекең қашып давление болып мүгедек немесе өліп қалған жақсы ма? Әлде осы жерден тоқтап, есіңді жиып қоғамға адам болып қалыптасып, дені сау, энергиясы мықты, еліңе, ортаңа, отбасыңа пайдаң тигені жақсы ма? Ойланыңыз!", - деп жазылған үзіндіде.

Әбдірайымов кітабының үзіндісін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Ақыл сұраған оқырманыма осылай жауап бердім. Бұл қоғамдағы жазылмас дерт болып көрінеді. Олай емес. Бәрі өз қолыңда", - деп түсіндірді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от BAǴLAN ABDRAIMOV (@baglan_abdraimov_official)

Әнші бұл кітабы құмар ойындарды қою үшін таптырмас құрал болатынына сенімді.

Естеріңізге сала кетсек, жылдың басында Бағлан Әбдірайымов Talk Like арнасына берген сұхбатында құмар ойындарға салынып, елден ақша алып, оны казинода жаратып жібергенін айтқан еді. Сол кезде құмар ойындарды тастағанымен, әлі 200 мың доллар қарызы бар екенін мойындаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети