29 июля 2019 | 12:22

Алмазбек Атамбаевтың айналасында дау-дамай неге өршіп кетті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмазбек Атамбаев © РИА Новости Алмазбек Атамбаев © РИА Новости

Қырғызстанның экс-президентінің тағдыры соңғы күндері талқыға кеңінен түсіп жүрген оқиғалардың бірі. Соңғы кездері Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстан билігінің арасында дау-дамайлар өршіп кетті. Tengrinews.kz тілшісі экс-президенттің айналасындағы дау-дамайдың неліктен туындағанына шолу жасады. 


Қырғызстанның экс-президентінің тағдыры соңғы күндері талқыға кеңінен түсіп жүрген оқиғалардың бірі. Соңғы кездері Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстан билігінің арасында дау-дамайлар өршіп кетті. Tengrinews.kz тілшісі экс-президенттің айналасындағы дау-дамайдың неліктен туындағанына шолу жасады. 

2017 жылғы президент сайлауында жергілікті халық Сооронбай Жээнбековтың кандидатурасын қолдаған. Оған Атамбаевтың өзі де қолдау білдіріп, экс-басшының саясатын жаңа президент жалғастырады деп сенген. Алайда, қазіргі уақытта Атамбаевтың ел билігімен ойы бір жерден шықпай жүр.


Сооранбай Жээнбеков пен Алмазбек Атамбаев ұлықтау рәсімінде. © president.kg

Атамбаев биліктегі беделінен айырылғаннан кейін президент Жээнбековтің жұмыстарына сыни көзқараспен қарай бастады. Тіпті оны қолдағанына өкінетін кездері болғанын да жасырмады.

2017 қарашада Атамбаев биліктен кете сала, оның қарамағындағы лауазымды қызметкерлерге жемқорлықпен айналысты деген күдікпен тергеу жұмыстары жасалып, түрмеге қамала бастады. Тергеу жұмыстары біртіндеп экс-президенттің де ауылына келді. 

Маусымның соңында қырғыз елінің парламент мүшелері Алмазбек Атамбаевты экс-басшы ретінде тиіспеушілік құқығынан айырып, тергеушілер оны ел басқарған кездегі әрекеттерін толық тексеруге құқылы болды.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі осы айда Атамбаевты үш рет тергеуге шақырған. Алайда ол бұл шақыртуларды елемеген де. Ол Бішкектің сыртындағы үйінің маңайына өзінің жақтастарын жинап, оны тұтқындауға келген адамды ататын қаруы бар екенін ескерткен. 

Атамбаевтың Путинмен кездесуі

24 шілдеде жағдай өзгеріп, экс-президент Мәскеуге барды. Ресей басшысымен кездесіп, әңгіме барысында Владимир Путинге "қазіргі үкіметтің саяси оппоненттерді қудалап жатқанын" хабарлаған. Атамбаев Қырғызстанның қазіргі үкіметі құқықтық алаңды қолдауы керек екенін атап өткен.

Экс-президент Instagram-парақшасында кездесу барысында Қырғызстандағы және аймақтағы жағдай туралы сөйлескенін жазған. 

"Ресей Қырғызстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі екенін тағы да дәлелдеді, бірақ ішкі мәселелерімізді біз өзіміз шешеміз. Біз Қырғызстандағы және аймақтағы жағдай туралы сөйлестік. Қырғызстандағы саяси тұрақтылықтың қажеті туралы да сөз қозғалды. Бұл үшін шиеленістің екі тарапы да күш салуы керек", - деп жазған Атамбаев.

Алайда Ресей басшысы Атамбаевты қылмыстық қудалау тоқтамаса, бұл Мәскеудің "көңіліне тиюі мүмкін" дегенді астарлап жеткізгендей болды. Владимир Путин өз кезегінде БАҚ өкілдеріне Қырғызстанға саяси тұрақтылықтың қажет екенін айтты. 

"Менің ұстанымым белгілі деп ойлаймын. Оған (Атамбаевқа) осы ұстанымды жеткіздім. Қырғызстан біздің одақтасымыз, жақын мемлекетіміз. Қырғыз елі бірнеше күрделі ішкі саяси төңкерістерді бастан өткерді деп санаймын. Меніңше, Қырғызстан халқының мүддесін қолдау керек", - деді Ресей Федерациясының президенті.

Путин Атамбаевпен кездесуден кейін мемлекет тұрғындары қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті қолдауы керек деген пікір білдірді.

"Елге саяси тұрақтылық қажет. Қырғызстандықтар қазіргі президентті қолдап, оған мемлекеттің дамуына қолдау көрсетуі керек", - деді Путин.


© instagram.com/almazbek_atambaev_official

Путин кездесуде қырғыз елінде болған "екі саяси тербелісті" сөз ете кетті.

Ол дегені Қырғызстандағы 2005 және 2010 жылдардағы екі революция болса керек. Екі оқиға кезінде елдің президенттері орнынан түскен. 

2010 жылы Қырғызстанда болған революцияда Ресей Федерациясы да рөл ойнады. Ал революциядан кейін қырғыз президенттігіне келген Құрманбек Бакиев Мәскеудің сенімсіз одақтасы болды. 

Мәскеу Бішкекті энергетика бойынша Орталық Азиядағы көршілеріне тәуелділіктен құтқаратын елдегі су энергетикасын дамытуға қомақты несие беруге уәде берген. Бұл келісім бойынша, Қырғызстан 2001 жылдың желтоқсанынан бері Ауғанстандағы операцияларға көмектесу керек болып, Бішкектің Манас халықаралық әуежайындағы АҚШ әскери күштерінің шағын базасын жабуы тиіс болған.

Осы мәселе бойынша Бакиев Америка құрама штаттарымен жаңа келісімге келді. Ал Мәскеу Бакиевтің ұлы Максим мен оның достарын Ресей берген 450 миллион долларлық несиені су энергетикасын дамытудың орнына басқа салаларға салған деп айыптады. Олар ақшаны қайтарғанға дейін пайда көреміз деп үміттенген. 

Осы оқиғадан кейін Қырғызстанда хабар тарататын Ресей арналары Бакиев пен оның ұлы жайлы жағымсыз ақпараттар тарата бастады. Сол кездің өзінде елде коммуналдық қызметтердің өсуіне байланысты халық арасында наразылық күрестері басталды. Осы уақытта елдегі Ресей телеарналары таратқан хабарлар жағдайды одан әрі өршіте түсті. Сөйтіп, 2010 жылы сәуірде Құрманбек Бакиев биліктен кетті.


Құрманбек Бакиев ©РИА Новости

Алайда оқиға мұнымен аяқталған жоқ. 2010 жылы елде болған оқиғалардың салдарынан мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында "Ата-Мекен" партиясының төрағасы Омурбек Текебаев халықтың ықыласына бөленіп, премьер-министрлік қызметті алады деген сенім болды. Бірақ бұл партия парламентке өткендердің арасында соңғы орынға ие болды. Ал премьер-министрлікке Алмазбек Атамбаев келді. 

Путиннің 24 шілдедегі мәлімдемесі оның қырғыз еліндегі текетірестің тезірек аяқталғанын қалайтыны аңғартты. Қырғызстанның Кант қаласында Ресей Федерациясының әскери базасы бар. Мәскеудің ТМД елдерінің арасында революцияның болмағанын сондай-ақ қырғыз елінде тыныштықтың орын алғанын қалайтыны байқалады. 

Атамбаев Мәскеуге сапарынан кейін елге қайтуға уәде беріп, сөзінде тұрды. Путин жанама түрде болсын Атамбаевтың қауіпсіздігіне жауап берді. Кездесу барысындағы Ресей басшысының қырғыз еліндегі тұрақтылық туралы сөзі Жээнбековты қатты сынамауға кеңес берген сыңайды танытқандай болды. 

Путиннің бұл жолғы сөзі қырғыз еліндегі тұрақтылықты біраз уақытқа болсын сақтауы мүмкін деген болжамдар бар.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.58   535.1   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети