Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 июня 2021 16:50

"135 миллион теңгенің баспанасы". Қазақстандықтар АҚШ-та қалай үй сатып алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Айгерім Агзамова отбасымен Америка Құрама Штаттарында тұрып жатқанына екі жылдан аса уақыт болды. Бүгінде ол көпбалалы ана. Отбасымен Огайо штатында тұрады. Жақында оның туысы АҚШ-та үй сатып алды. Айгерім Tengrinews.kz тілшісіне АҚШ-тан үйді қалай сатып алуға болатынын айтып берді. 


Айгерім Агзамова отбасымен Америка Құрама Штаттарында тұрып жатқанына екі жылдан аса уақыт болды. Бүгінде ол көпбалалы ана. Отбасымен Огайо штатында тұрады. Жақында оның туысы АҚШ-та үй сатып алды. Айгерім Tengrinews.kz тілшісіне АҚШ-тан үйді қалай сатып алуға болатынын айтып берді. 

АҚШ-та үй сатып алудағы басты шарт қандай?

Айгерім отбасымен АҚШ-қа Green Card арқылы көшіп барған. Оның айтуынша, ең алдымен балалардың болашағы үшін көшкен. Бүгінде бес баланың анасы. Қазіргі таңда бала тәрбиесімен үйде отыр. Жақында елден үй алған туысы АҚШ-та 20 жылдан бері тұрып келе жатыр. Айгерім АҚШ-та үй алу үшін ең алдымен не қажет екенін түсіндірді. 

"Үйді алу үшін ең алдымен міндетті түрде рұқсат қағазы (Green Card, тұруға ықтиярхат) болуы керек. Екіншіден, несие тарихың болуы керек. Жалпы АҚШ-та тұрсаңыз несие тарихы өте қатты қажет. Сонымен қатар, үй алу үшін салық тапсыру қажет. Ол арқылы ел үкіметіне үй алып, оны төлеуге шамаң жететінін дәлелдейсіз. Сол жағдайда ғана үй алуға рұқсат беріледі. Мысалы, үй сатып алған бауырларымның кішігірім кәсібі бар. Сол компания арқылы олар үкіметке салық төлейді. Төлеген салығына қарай шешім шығады", - дейді отандасымыз. 

Оның сөзінше, салықты төлегеннен кейін несие менеджерлері бәрін жіті тексереді.

"Несие менеджерлері рұқсат бергеннен кейін үй алатын адам салынып жатқан нысанға кепіл ретінде 3 000 доллар береді. Жақсы үй алу үшін салығы да жақсы төленуі керек. Бірақ әр штаттың салығы әртүрлі болады", - дейді ол.

Мұндағы несие тарихы деп отырғанымыз әдеттегі қазақстандық жүйе бойынша айтылатын несие тарихы емес. Несие тарихы (Credit history) - жасаған төлемдеріңіздің тарихы, қаржылық жағдайыңыздың деңгейі. АҚШ-та иммигранттар көп болғандықтан, несие тарихы адамның төлем қабілетін түсінуге арналған жүйе. Әдетте несие тарихы жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алғанда, электр энергиясын қостырарда, кепілдікті рәсімдеуде, жалға алу кезінде жүргізетін келіссөз кезінде қажет. Кейде оған жұмыс беруші жұмысқа аларда да қарауы мүмкін.      

Кейіпкеріміздің туысы пәтерді қаншаға сатып алды?

Айгерімнің туысы төрт бөлмелі үйді 317 мың долларға (шамамен 135 525 520 теңге) сатып алған.

"Алғашқы жарнасы 15 мың доллар болды. 30 жыл бойы айына 1 800 доллар (қазіргі бағаммен - 769 мың теңге) төлейді. Үйдің бағасы ол салынып жатқан кездегі салынатын қосымша құралдар мен материалдарға байланысты белгіленеді", - дейді Айгерім. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dalnoboy_kz_amerika

Үйді пайызбен несие арқылы алады.

"Елде көлікке болсын, үйге болсын несие пайызы өте жоғары емес. Қазақстанда салыққа қарамайды ғой, көбіне несие тарихы, төлем қабілетің, жұмысыңа мән береді. Ал АҚШ-та бастысы сенің төлеген салығың", - дейді ол. 

Айгерім отбасымен пәтер жалдап тұрады. Алдағы күндері өздері де үй сатып алғысы келетінін айтады. 

"Мысалы, біз тұрып жатқан жер - екі бөлмелі үй. Қазақстандық есеп бойынша үш бөлмелі деуге болады: екі жатын бөлме және ас үймен қосылып кеткен қонақ күтетін бөлме. Айына 1 250 доллар (шамамен 535 мың теңге) төлейміз", - дейді Айгерім. 

Айгерім Агзамованың жеке мұрағатынан

Қолымда жеткілікті ақша бар: АҚШ-қа барып, бірден үй сатып ала аламын ба?

Айгерімнің айтуынша, қаражатың жетіп тұрса да, АҚШ-қа көшіп барып, бірден үй сатып ала алмайсыз. Себебі АҚШ-та үй алу үшін белгілі бір уақыт қажет.

"Себебі сіз еңбек қабілетіңізді дәлелдеуіңіз керек. Яғни, айтып өткенімдей, несие тарихыңызды қалыптастырып, салық төлеп отыру қажет. Сондай жағдайда, әрине, алуға болады. Кейбір адам 500 мың доллар ақша салып, бизнес-визамен келіп жатады. Ондай да қазақтар бар", - деді Айгерім. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети