Абай өлкесіндегі қоңырау тастар желі қолданушыларын таңғалдырды

19 Шілде, 14:14
2
Абай өлкесіндегі қоңырау тастар желі қолданушыларын таңғалдырды - ШҚО-дағы қоңырау тастар. © Данара Баймағанбетова
ШҚО-дағы қоңырау тастар. © Данара Баймағанбетова

Қоңырау тастар - бүгінге дейін ғалымдар жауабын таба алмаған ерекше табиғи құбылыс. Қазіргі таңда қоңырау тастар Ресейдің құрамындағы Карелия Республикасы, Пенсильвания штаты және Иорданияда бар. Ал Қазақстандағы қоңырау тастар жайлы естуіңіз бар ма? Алматы қаласының тұрғыны Данара Баймағанбетова туған жері ШҚО-дағы Шыңғыстаудың бойынан дәл осы қоңырау тастарды көріп, әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Tengrinews.kz тілшісі Данарамен байланысып, ерекше тастар туралы ақпарат алды. 

Данараның туған жері - Семей өңіріндегі Абай өлкесі. Оның айтуынша, шамамен 8-9 жасында әкесі ертеректе өзінің ата-анасы Шыңғыстаудың ішінде отырған ескі жұрттың орнына апарған. Соғыстан кейінгі жылдары сол жерде қоныстанған. 

"Тау ішінде үлкен-үлкен жалпақ қара тастар жатыр. Осы тастарды ұрсаң, ерекше дыбыс шығады. Қоңыраудың даусы сияқты. Әртүрлі дыбыс. Ансамбль дерсің. Тастардың шетінде шұңқыр-шұңқыр із қалған. Әкемнің бала кезінде тасты ұрып, "қоңырау соғып" ойнағанынан қалған іздер екен. Бұл саяхат бала кезімде маған қатты әсер қалдырған еді", - дейді Данара. 

Кейіннен Данара осы қоңырау тастар жайлы мақала жазған. Сол мақаладан кейін Қазақстаннан бөлек, одақтас республикалардың біраз пионерлері хат жазып, қызығушылық танытқан еді дейді. Осы жолғы жазғы демалысында ол тастарды балаларына көрсетейін деген оймен келген екен. 

Шыңғыстаудың бойындағы "Қоңырау тастар"

Тастар мұндай дыбыстарды қалай шығаратыны әлі күнге дейін белгісіз.

"Менің ойымша бұл тастардың құрамында металл көп. Не де болса, ерекше құбылыс. Металлға бай жер болар деп топшыладық", - дейді ол.

Мұндай құбылыстарды параллель өмірмен, мистикамен байланыстырып жатады. Данараның ойынша, бұл жерде ешқандай да сиқыр жоқ. Себебі, ондай дүниелер ғылыми түрде дәлелденуі керек дейді.

Желі қолданушылары таңғалысын жасыра алмады. 

"Табиғаттың кереметі:расында тастарды соққанда ноталардың дыбысындай әр түрлі үн шығар
ады екен... Таңғаларлық", - дейді Күлшай Сәдуақасова. 

"Шіркін Шыңғыс тауым. Балалық шағымыз Шыңғыстың баурайында өті. Уа дариға алтын бесік туған жер, қадырыңді білмей келсем кеше гөр", - дейді Баян Жұмнбаева есімді тағы бір қолданушы.

"Мен АҚШ- та барын білуші ем. Жастар әдейі іздеп барып бейне жазбалар түсіреді екен сол жерде. Қазақта барын білмеппін. Баймыз ғой. Шіркін, туризм дамыса!", - деп жазған Торғын Жолдасбекқызы.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц