Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 февраля 2020 16:35

Ақшаны қалай тиімді жинау керек? Табысты кәсіпкерден лайфхак

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қостанайлық Әмір Жантасовтың бизнеспен айналысып жүргеніне 7 жыл болған. Қазір оның иелігінде бес компания мен инвестициялық қор бар. Оның айтуынша, ақша жинау үшін бір ғана ережені берік ұстану керек. Кәсіпкер Tengrinews.kz тілшісіне оның қандай ереже екенін және ақшаны қалай тиімді жинау керегін айтты.  


Қостанайлық Әмір Жантасовтың бизнеспен айналысып жүргеніне 7 жыл болған. Қазір оның иелігінде бес компания мен инвестициялық қор бар. Оның айтуынша, ақша жинау үшін бір ғана ережені берік ұстану керек. Кәсіпкер Tengrinews.kz тілшісіне оның қандай ереже екенін және ақшаны қалай тиімді жинау керегін айтты.  

Ақшаны қайда, қалай жинаған дұрыс? 

Әмір Жантасовтың айтуынша, ақша таба алмау мәселесі - елімізде өзекті. 

"Өкінішке қарай, бізде халықтың көпшілігі ақша сақтау немесе жинауды қоя тұрғанда, оны таба да алмайды. Бізді мектепте, университетте, жұмыста да оны үйретпейді. Сондықтан ақша жинаудан бұрын табыс табуды үйренуден бастаған жөн. Айына кем дегенде 300 мың теңге тапқанда, жинақтау туралы ойлануға болады", - дейді кәсіпкер. 

Алдымен әдет қалыптастыру керек екен. Оны 100 теңгемен де бастауға болады. 

"Күнделікті қандай да бір соманы жинап отыруға кеңес беремін. 100 теңгемен де бастауға болады, бірақ міндетті түрде күн сайын. Осылайша, әдет қалыптасады, екінші жағынан бұл жалақының 10-30 пайызын қалдырғаннан әлдеқайда оңай. Содан кейін бұл соманы көтеру керек, мысалы, 1000-3000 теңгеге, жағдайға қарай. Осылайша күніне 1000 теңгеден қалдырып отырғанда, айына 30 мың жиналады. Бұл аз болып көрінуі мүмкін, бірақ бір жылда сіз Түркияға демалуға бара алсыз, - дейді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, ақшаны қай жерде сақтасаңыз да айырмашылық жоқ, ол үйдегі сандықша немесе жеке шот та болуы мүмкін, бірақ ең бастысы бір ережені ескеру керек: жинауға алып қалған ақша ендігәрі сіздікі емес! Жетіспей жатса да ол жерге көз салудың қажеті жоқ. 

Жалақы аз болса ше?  

"Ондай жағдайда да жинауға болады, тек аз-аздан. Ақша жинау әдетке айналуы тиіс. Әйтпесе, сіз қанша тапсаңыз да жұмсай бересіз. Жалақының 10 пайызынан бастап, 30-ға дейін жеткізуге кеңес берер едім. Ақша құрту әдетінен арылған жөн. Кедей адам тапқанының бәрін жұмсағандықтан кедей. Осы айда бес есе көп ақша тапса да оған жаңа телефон, аяқ киім, сөмке және басқаларын алып тастайды. Бұл сайып келгенде әдетке тіреледі. Ал бай адамдар кейін рахатын көру үшін қазір шыдауға әзір келеді", - дейді Әмір Жантасов. 

Жиналған ақшаны қашан жұмсаған жөн?

"Жиналған сомадан ақша жасауға болғанда ғана жұмсаған дұрыс. Жаңа көлік немесе смартфонға емес. Активке инвестициялау керек, яғни одан да көп ақша әкелетін жерге. Мысалы, бизнеске. Ал ең жақсы инвестиция - өзіңе, біліміңе құйылған ақша. Себебі жаңа біліммен, сіз одан да көп табыс таба аласыз", - дейді кәсіпкер.

Әмір Жантасовтан лайфхак 

Бай адамдар үнемі білімін жетілдіреді, оқиды, ал кедейлер онсыз да бәрін біледі. Бай адамдар өзіне және активтерге инвестиция құяды, ал кедейлер пассивке, техникаға, киімге. Қымбат телефоннан бас тартып, ақша табу немесе жинақтау туралы жазылған бірнеше кітап сатып алыңыз. Әлемде кез келген нәрсеге арналған кітап бар. Махаббат, жақсы қарым-қатынас, келіссөздер, ақша табу, жинау мен инвестициялауға нұсқаулақтар көп. Тек оны тауып, қолдану керек. Бәрі өте оңай. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети