Биыл Алматы қаласының ресми түрде салынғанына 165 жыл болады. Бүгінде еліміздің мәдени астанасына айналған, тарихы тереңде жатқан Алматыға жыл сайын алыс-жақын елдерден туристер көптеп келеді. Алдағы жаз мезгілін де пайдаланып қалаға қыдырып келетін қазақстандықтар да аз емес.