ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 мая 2018 | 20:03

Анасының алтынын құмар ойынға тіккен жігітті айтыскер ақын бір ауыз сөзбен тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айтыскер ақын Асхат Қылышбеков Айтыскер ақын Асхат Қылышбеков

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Құмар ойын құрығы" тақырыбы қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Құмар ойын құрығы" тақырыбы қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында айтыскер ақын Асхат Қылышбеков Skype арқылы эфирге шығып, кезінде Қапшағайдағы үлкен казиноға арнайы үш рет барған жағдайын айтты. Ақын сұхбатына рұқсатты айтқаны көпшілікке тисін деген ниетпен ғана беріп отырғанын ескертті. 

"Өнерде жүрген біразы бұл тақырыпта сөйлеуден қашады. Біразын білемін, атын айтпай-ақ қояйын. Өздеріңіз білесіздер, қазір казинолар Қапшағайда. Сонда ертеректе үш рет барып, үшеуінде де ұтылып қалдым. Ұтылғаным жақсы болыпты. Ұтылған бойда мұның дерт екенін түсіндім. Бұл Алланың алдында да, адамның алдында да абыройсыз қылатын дүние екен", - деген ол адасып құмар ойынға ілігіп жүрген жандарға өзінің дер кезінде иманның арқасында тоқтағанын айтты.

Тасыған өмірде азаматтың басынан неше түрлі жағдай өтеді ғой деген айтыскер ақын "Казино" деп аталатын өлеңі сол құмар ойынның арқасында шыққанын да жеткізді.

Бағдарламаға соңғы жеті жылдан бері неше түрлі құмар ойын ойнап келген 23 жастағы Айбек есімді жігіт келді. Құмар ойынның барлық түрін ойнап көрген Айбек ақша таппай, анасының алтындарын ұрлап сол ойындарға тіккенінде жасырмады. Әкесінен таяқ жесе де, өз дегенін қоймаған Айбек күн ара құмар ойынға баратынын айтады. Ұтқан кездерінен ұтылған кезі көп болған Айбектің енді дұрыс жолға түсіп, емделсем деген ниетпен студияға келіпті.

Осы уақытқа дейін ол 2.5 миллиондай ұтылып қалғанын да жасырмады. Айбекке көмек қолын ұсынуға келген студия қонақтары да болды, олар халық емшісі, медицина маманы, және діни тұрғыда емдейтін қонақтар өз ойын айтты.

Эфир соңында Айбек айтыскер ақын Асхат Қылышбектің кеңесін тыңдап, діни тұрғыда емделемін деп өз таңдауын айтты.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети