1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

Әсерлі видео: қазнетті жылатқан қыз жетім емес 03 марта 2020, 13:43

Әлеуметтік желіде жетімдер үйіндегі баланың монологын оқыған қыз желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Видео кадры Видео кадры

Әлеуметтік желіде жетімдер үйіндегі баланың монологын оқыған қыз желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода қазақы көйлек киген кішкентай қыз жетімдер үйіндегі баланың монологын оқиды. Бейнероликті көрген желі қолданушылары қыз баланы шынымен жетім екен деп ойлап, оны іздестіре бастаған. "Бейшара балапандар-ай, жүрегімді езіп жіберді ғой айналайын", "Мына қыз қай жетімдер үйінде екен? Мен асырай аламын ба?" деп пікір қалдырған желі қолданушылары. 

Алайда монолог оқыған қыздың әке-шешесі бар. Оқушы қыздың есімі - Лейла Әбдраш. Шымкентте тұрады екен. Ол 2009 жылы туған, қазір 4-сыныпта оқиды. Лейланың анасының айтуынша, бұл видео негізі 2017 жылы түсірілген. 

"Видео осыдан үш жыл бұрын түсірілген. Алғашында Instagram желісінде тарап кетіпті. Білмедім, бірақ маған кешеден бері Facebook желісінен де адамдар видеоны жіберіп жатыр. "Жетімдер үйіндегі қыздың монологы" деп тарап жатыр екен. Жалпы білгендері дұрыс қой, жетім емес. Астына жазылған пікірлерді де оқыдым, жүрегім ауырып қалды менің де", - дейді Лейланың анасы Гүлжан Мамилаева. 


Лейла Әбдраш © instagram.com/layla.abdrash

Гүлжан Мамилаеваның айтуынша, Лейла өнерге жақын. 

"Қызым музыка мектебінде және актер курсында оқиды. Жалпы видео актер курсы мектебіндегі іс-шарада түсірілген. Әркімге әртүрлі рөл ұсынылды. Қызым өзі сондай монолог оқимын деп таңдаған. Өнері емтихан арқылы бағаланатын болды. Монологты оқыған кезде беріліп кеткені соншалық жылап жіберген. Видеоны сол мектептегі апайы түсіріп, парақшасына салғаннан кейін тарап кетті", - дейді Гүлжан. 


Лейла Әбдраш © instagram.com/layla.abdrash

Гүлжан Мамилаеваның сөзінше, қызы түрлі өнер конкурстарына қатысып, жүлделі орындар алған. 

"Одан бөлек, түрлі конкурстарға қатысып, гран-при алып жүрген қыз. Қызым өнер жолын таңдады. Соған нақты кірісіп кеткен. Өзінен бөлек сіңлісі мен інісі бар. Бірақ олар өнер жолын таңдамады. Екінші қызымды Лейланың қасына ертіп жүрейін десем ол "сахнаға шықпаймын" деп айтады", - дейді Гүлжан Мамилаева. 


Лейла Әбдраш © instagram.com/layla.abdrash