02 декабря 2020 | 16:45

"Бөгдеғаламшарлықтар сыйлығы". АҚШ пен Румыниядағы жұмбақ монолиттер қайдан шықты?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ пен Румынияда жұмбақ монолиттер пайда болды. Металл монолиттердің қайдан шыққаны туралы пікірлер қақ жарылды. Көбі оны "2001: Космическая одиссея" фильмімен байланыстырған. Жұмбақ металл туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


АҚШ пен Румынияда жұмбақ монолиттер пайда болды. Металл монолиттердің қайдан шыққаны туралы пікірлер қақ жарылды. Көбі оны "2001: Космическая одиссея" фильмімен байланыстырған. Жұмбақ металл туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

АҚШ-та пайда болған монолит туралы не белгілі?

24 қарашада АҚШ-тың Юта штатындағы әуе қауіпсіздігі бюросының қызметкерлері шөлді жерден металл монолитті тауып алды. Бюро өкілдері жұмбақ құрылымды қараша айының ортасында жабайы табиғатты қорғау қызметкерлеріне мүйізді жабайы қошқарларды санап жүрген кезде тапқан. Монолиттің биіктігі шамамен 3-3,5 метр.  

Ұшқыш Берт Хатчингстің сөзінше, оның бөгдеғаламшарлықтарға еш қатысы жоқ. Жұмбақ монолитті суретшілер қалдырып кеткен болуы мүмкін. Алайда федерал аймақта рұқсатсыз қандай да бір нысан салуға тыйым салынған. 

Штат билігі монолиттің қайда орналасқанын айтудан бас тартқан. Бірақ адамдар оны екі күннен кейін тауып алған.

Артынша бес күннен кейін Ютада табылған жұмбақ монолит өздігінен жоғалып кеткен. Штат бюросы монолиттің заңсыз тұрғанын, бірақ жұмбақ нысанды олар алып тастамағанын хабарлаған. Монолиттен үшбұрышты металл ғана қалған. 

Румыниядан тағы бір монолит табылды

АҚШ-та табылған металл монолитке ұқсас нысан 26 қарашада Румыниядан да табылды. Жергілікті мәдениет және тарихи мұра бөлімінің өкілі билік биіктігі шамамен төрт метр "жұмбақ туындыны" зерттейтінін хабарлаған. Ютадан табылған монолитке қарағанда Румыниядағы құрылым үшбұрыш және сыртында оюлар бар болып шыққан.


© Newsflash 

Көп ұзамай Румынияда табылған металл монолит те жоғалып кеткені белгілі болды.

"Биіктігі 2,8 метрдей құрылым бір түннің ішінде қалай пайда болды, солай жоғалып кетті. Оны жергілікті тұрғындардың бірі, металл пісіруші істеген болуы керек. Қазір монолиттің орнында кішкентай тесік қана қалды", - дейді жергілікті журналист Роберт Йосуб.

Монолиттер қайдан пайда болды?

Желіде монолиттердің қайдан пайда болғаны туралы әртүрлі пікір айтылған. Бірі ол өзгеғаламшарлықтардың сыйлығы десе, енді бірі оны қалдырып кеткен адам "2001: Космическая одиссея" фильмінен шабыттанған болуы мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, фильм сюжеті бойынша, шөлде жатқан маймылдар Ютадағы металл монолитке ұқсас құрылымды тауып алады.

Видео кадры

"Известия" мәліметінше, Колорадо штатының тұрғыны Риккардо Марино журналистерге Ютадағы монолитке барар жолда кешкі уақытта үлкен тікбұрышты затты алып бара жатқан жүк көлігін көргенін айтқан. Марино жұмбақ құрылым тұрған жерге келген кезде монолиттің жоғалып кеткенін көрген.

Ол адамдарды америкалық фотограф Росс Бернардс та байқаған көрінеді. Оның айтуынша, Бернардс нысанды демонтаж жасап, алып бара жатқан адамдарды көрген. Фотограф жұма, 27 қарашада достарымен бірге Ютаға монолитті видеоға түсіруге келген. Оның айтуынша, монолитке төрт ер адам келіп, екеуі құрылымды аяғымен итере бастаған.

Фотограф монолит құлап, қатты дауыс шыққанын айтады. Артынша төртеуі құрылымды бірнеше бөлікке бөліп, көлікке салып, кетіп қалған.

Ал ұшқыштардың сөзінше, жұмбақ монолит NASA-ға тиесілі болуы мүмкін немесе оны "2001: Космическая одиссея" фильмінің жанкүйері, суретші жасаған болуы мүмкін.  

АҚШ пен Румыниядағы монолитке ұқсас құрылымдар 20 жыл бұрын Жаңа жыл қарсаңында Сиэтлдегі саябақтардың бірінен табылған. Артынша ол жергілікті суретшілердің өнер акциясы екені анықталған.

Жергілікті телеарна репортажы:

Сондай-ақ Daily Mail сарапшыларының бірінің сөзінше, Ютадағы монолиттың тұрғанына 40-50 жыл, тіпті одан көп уақыттан бері тұруы мүмкін екен. Бұл ешқашан бұзылмайтын тот баспайтын металл.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.58   535.1   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети