Арыста болған жарылыстардан кейін балаларынан көз жазып қалған қала тұрғындарының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арыста болған жарылыстардан кейін балаларынан көз жазып қалған қала тұрғындарының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық продюсер Асхат Садырбай жариялаған видеоның Шымкенттегі ҚМДБ өкілдігінің алдында түсірілгені көрінеді. Кадр сыртындағы дауыс балаларымен қауышқандар жайлы айтып, өзі де көзіне жас алады. Тағы бір роликте полицейдің өз баласын тауып қуанғанын көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАллаға шүкір бірнеше ата-ана балаларымен қауышты, табысты. Көмектескен жандарға мың алғыс!
Желі қолданушылары жүрегі ауырып, бұл көріністен қатты әсер алғанын жазып жатыр:
"Оооой, жүрегім-ай, қарс айырылып жатырмыз, ботам-ау, ботам аман-есен екен. Биік Алла, Бір Алла... көмектесе гөр".
"Жүрегім тоқтап қалардай уайымдап отырмын. Казағым, елім, жұртым аман болайықшы. Бұл бізге сабақ, елдің тыныштығын ойлайық".
Ал әнші Ғаділбек Жанай шымкенттіктердің Арыстан келгендерді қалай күтіп алып жатқаны түсіріген бейнеролик жариялады.
"Бірлігіңнен айналайын Қазағым. Қиыншылық артта қалып, Алда тек жақсылық күтсін ағайын, Әмин!
Арысым, атыңа лайықсың", - деп жазыпты әнші.
Посмотреть эту публикацию в InstagramБірлігіңнен айналайын Қазағым???????????????????? Қиыншылық артта қалып, Алда тееееек жақсылық күтсін ағайын,Әмин! Арысым,атыңа лайықсың????????????????????????
Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр.
Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.