Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

"Бум болып жатыр". Италиядағы қазақстандық елдегі вакцинация туралы айтып берді 28 июля 2021, 09:54

Италияның Милан қаласында тұрып жатқан отандасымыз Нұрбақыт Шаймағанбетова 21 шілдеде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Нашли ошибку?

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Италияның Милан қаласында тұрып жатқан отандасымыз Нұрбақыт Шаймағанбетова 21 шілдеде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырды. Айтуынша, елде жастарға Moderna және Pfizer салынып жатыр. Италияда вакцина салдыру процесі қалай жүреді? Қазақстанмен салыстырғанда қандай айырмашылық бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Нұрбақыт Шаймағанбетовадан сұрап білді. 

Нұрбақыттың айтуынша, Миланда кімге қандай вакцина салынатыны алдын ала белгілі болады. 

"Ауруханаға келгенде сен базада тұрасың. Базада қандай вакцина салатындары жазылған. Мен келгенімде маған Moderna вакцинасын салатындарын айтты. Елде жастарға көбіне Moderna немесе Pfizer салады. Ауруханаға келгенімде медициналық картаны толтырдым. Ол жерде аллергия, қосалқы аурулар бар-жоғын толтырдым. Анкетаны алып арнайы кабиналарға келдім. Келгенімді дәрігер менімен сөйлесті. Сол кезде неліктен Moderna-ны салатындарын сұрадым, дәрігер жүйе арнайы мәлімет бойынша өзі бөлетінін айтты. Сөйтіп екпені салдырдым. Вакцина салдырғаннан кейін жағдайымды бақылау үшін тағы 15-20 минуттай отыруымды сұрады", - дейді Нұрбақыт. 

Екпе пункттері

Moderna вакцинасын салдырған Нұрбақыт екпені жеңіл өткергенін айтады. Бірінші компоненттен кейін тіпті дене қызуы да көтерілмеген. 

"Тек иығым ауырсынды, яғни қозғалту қиынырақ болды. Ауырсыну шамамен 2-3 күнге созылды. Төртінші, бесінші күнде еш кедергісіз қозғалып жүрдім. Қазір ешқандай ауырсыну жоқ. Тіпті екпені қайда салғаны да көрінбейді. Екінші дозаны 31 тамызда салдырамын. Аралығы 40 күн. Міндетті түрде екі доза арасындағы аралық 40 күн болуы керек", - дейді ол. 

Нұрбақыттың сөзінше, Қазақстанмен салыстырғанда Италияда өз еркімен вакцина салдыратындар саны әлдеқайда көп.

"Бірақ, өкінішке қарай, елдегі вакциналар "Дельта" штаммен" күресе алмайды. Сондықтан вакцина салдырамын ба, әлде жоқ па деп ойландым. Себебі вакцина салдырғанына қарамастан "Дельта штамын" жұқтырған таныстарым бар. Бірақ, әрине, олар ауруды жеңіл өткерді. Дене қызуы көтеріліп, әлсіреу болды", - дейді Нұрбақыт. 

Италияда бүгінде жастар арасында вакцина салдыру "бумы" болып жатыр екен. Оған себеп - ел үкіметі қабылдаған декрет.

"Яғни 6 тамыздан бастап мейрамхана, бар, спортзал, бассейн, сауда орталығына Green pass-сыз кіргізбейді. Бұл сенде вакцинаның кем дегенде бір дозасы немесе коронавируспен ауырғаннан кейін антидене қалыптасқан болуы керек немесе кейінгі 48 сағатта жасалған ПТР-тесттің теріс нәтижесі болуы қажет деген сөз. Декрет қабылданғанына шамамен бір апта болды. Содан бері жастар арасында вакцина салдыру "бумы" болып жатыр. Бәрі қыдырғысы, демалғысы келеді", - дейді ол. 

"Көшеге шыққандарға айыппұл салып жатыр". Италияда тұратын қазақ қызы елдегі коронавирус туралы

Нұрбақыттың айтуынша, бастапқыда Италияда вакцина таңдауға байланысты талқылаулар жүрді. Себебі Италия - Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда вакцинация компаниясын ең соңғылардың бірі болып бастаған ел.

"Вакцинаның бірнеше түрі болды. Қай вакцина сай келетінін шешуге, оны сынақтан өткізуге біраз уақыт кетті. Сонымен, қателеспесем, Astrazeneca вакцинасын 60 жастан жоғары адамдарға, Johnson & johnson вакцинасын 50-60 жастағыларға, ал жастарға Moderna мен Pfizer екпесін салады. Спутник-V жоқ, себебі олар сертификациядан өтпеді. Сондықтан ТМД елдерінен келген адамдар вакцина салдырған болса да 10 күн карантинде жатады", - деді отандасымыз. 

Нұрбақыт елде вакцина салуды ұйымдастыру жақсы ойластырылғанын, ешқандай хаос жоғын айтады. 

"Елде вакцинация орталығы көп. Медициналық мекеме болмаса да оны вакцина орталығына айналдырды. Жалпы ұйымдастыру жағы жақсы ойластырылған. Мысалы Денсаулық сақтау министрлігі арнайы қосымша жасады: ол жерде өзіңіз туралы мәлімет толтырып, вакцина салдыратын күн мен орынды таңдайсыз. Сосын сізге өтініміңіз мақұлданғаны туралы SMS келеді. Адам көп болмайды. Мысалы мен 18.30-ға жазылып, шамамен 18.15-те келіп алдым. Сосын 18.20-да маған екпе салды. Бәрі тез өтеді, хаос жоқ. Естуімше, көбіне вакцина салдырғаннан кейін екінші, үшінші күні дене қызуы, әлсіздік деген сияқты белгілер пайда болады", - дейді ол. 

Бірақ көптеген адам екінші компонент ауырлау өтетінін айтқан. Ол да әркімде әрқалай байқалған екен.

Суреттер: Нұрбақыт Шаймағанбетованың жеке архивінен 


Join Telegram