Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 ноября 2023 09:09

"Біз туғанда әуелі жаңбыр, артынан қар жауған". Жетпіс жастағы егіз қызық естеліктерін бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Өмірде бір-біріне қатты ұқсамайтын егіздер болады. Қызылордалық Ұзақ және Кенжебай Ережеповтер осы қатардан. Күні кеше мерейлі 70 жасқа толған қос кейіпкеріміз қызық естеліктерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Өмірде бір-біріне қатты ұқсамайтын егіздер болады. Қызылордалық Ұзақ және Кенжебай Ережеповтер осы қатардан. Күні кеше мерейлі 70 жасқа толған қос кейіпкеріміз қызық естеліктерін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Олар Арал ауданының Ақкөл деген жерінде дүниеге келген.

"Арамыз бес-алты сағат деп айтып отыратын үлкендер. Шешеміздің толғағы қатты болса керек. Біз туғанда әуелі жаңбыр, артынан қар жауған. Есімдерімізді Жаңбырбай, Қаржаубай деп қойғысы келген екен. Бірақ ақылдаса келе Жанұзақ, Байұзақ ағаларымызға ұқсатып, ауыстырып жіберіпті", - деді Кенжебай аға.

Екеуінің балалық шағы теңіз жағасындағы бұрынғы Қасқақұлан ауылында өтті. Онжылдық мектепті сонда бітірді.

"Мектеп бітіргесін әскерге шақырды. Егіздерді бөлуге болмайды екен ғой. Сөйтіп, бізді бұл жақтан бірге жіберген. Бірақ өзіміз сияқты жас жігіттер толы пойыз діттеген жерге тоқтағанда егіз бе, басқа ма, қараған жоқ. Бөлініп кеттік. Екеуіміздің де о бастағы қалауымыз сол еді", - деді Ұзақ аға.

Егіз бала көтерудің тұқым қуалайтыны ғылымда дәлелденген. Ережеповтер әулетінде де солай. Кейіпкерлеріміздің немере ағасының қос ұлы егіз екен. Бала күнгі мына бір естелік әлі күнге Ұзақ ағаның жадында.

"Ол кезде қалбыр шелекпен құдықтан су тартып ішеміз. Бір күні сөйтіп жүргенде Кенжебайдың аяғы тайып, құдыққа құлап кетті. Ойын баласымын, тартып шығаратын шамам жоқ. Жанұшыра үйге қарай жүгірдім. Үлкендердің күшімен бауырым бір бәледен аман қалған", - деді ол.

Егіздердің үлкені көп жылдан бері Қазалы қаласында, ал Кенжебай аға Ақтөбеде тұрып келеді. Саялы бәйтеректей азаматтар жетпістің жотасына отбасымен бірге есен-сау жетіп отыр.

"1961 жылы бірінші сыныпқа 40 шақты оқушы барып, соның 10 шақтысы ғана мектепті бітірдік. Ол кездегі балалардың бәрі дерлік ғарышкер болғысы келетін. Кейін арманымыз жүз түрленді. Өкінішке қарай жоғары білім алатын мүмкіндік болған жоқ. Сонда да балаларды ешкімнен кем қылмай өсірдік", - деді Ұзақ аға.

Ал Кенжебай аға 40 жылдан астам уақыт теміржол саласында еңбек етті. Егіздер екі өңірде тұрса да жуырда мерейтойын бірге Қазалыда атап өтеді.

"Арамызда ешқашан реніш болған емес, болмайды да. Жарық дүниеге бірінші келген бауырыма әрдайым жол беремін", - деді Кенжебай аға.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети