Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 июня 2021 17:28

"Ет орнына картоп асып береміз". Қазнетте азық-түлік қымбаттауы әзілге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі күндері қазақстандық азық-түлік қымбаттауын қызу талқылап жатыр. Бірі мәселе көтеріп, баға тұрақталғанын күтіп жүрсе, бәзбіреулер оны Желіде әзілге айналдырған. Tengrinews.kz тілшісі азық-түлік қымбаттауына байланысты Желіде тараған әзілдерді жинап шықты. 


Кейінгі күндері қазақстандық азық-түлік қымбаттауын қызу талқылап жатыр. Бірі мәселе көтеріп, баға тұрақталғанын күтіп жүрсе, бәзбіреулер оны Желіде әзілге айналдырған. Tengrinews.kz тілшісі азық-түлік қымбаттауына байланысты Желіде тараған әзілдерді жинап шықты. 

Таяуда еліміздің өңірлерінде картоп бағасы 500 теңгеге дейін өскені хабарланған. Сәбіз бағасы да сондай. Қазнет қолданушылары бұл жағдайда картоп пен сәбіз еккендер байып жатыр топшылады. 

Ал кейбірі қазіргі нарықта PR-мен емес, қиярмен айналысқан жөн деп кеңес береді.  

Тағы бірі көкөністер сатып әкеліп, борщ жасамақ болған. Бағасын көріп, "тәбетінен айырылыпты".

Желі қолданушылары картоп сатумен Беларусь президенті де айналысып кеткенін айтып әзілдеген.  

Картоп осылай қымбаттай берсе, бағасы уылдырықпен бірдей болады деп топшылайды кейбірі. 

"Алдағы уақытта мейрамханада фри жеп отырсаң, қара икра жеп отырғандай болатын шығарсың", - дейді желі қолданушылары.  

Ал кейбірінің пікірінше, енді жұрт үйге келген қонақтарға ет аспай, картоп асып береді. 

Азық-түлік қымбаттауы бұған дейін де тіркелген. Бірнеше жыл бұрын желі қолданушысы картоп танымалдылы әнші Димаштан озып кеткенін айтыпты.  

Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек қалада 500 теңгеге түскі ас ішуге болатынын айтып, бұл сөзі желіде талқыланып еді. Ал қазір бұл сомаға бір келі сәбіз ғана алуға болады.  

Еске салайық, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бұған дейін картоп бағасы неге қымбаттағанын түсіндірген болатын. 

"Былтыр экспорт 360 мың тонна көлемінде рекорд мәнді көрсетті. Осылайша, картоп экспортының үлесі оның тауарлық өндірісінің 19 пайызына жетті, бұл дүкен сөрелеріндегі тапшылыққа әкеледі. Тиісінше, тапшылықтан картопты импорттау қажет болады. Бұл жағдай жылдан жылға қайталанып келеді, бірақ ауыл шаруашылығы министрлігі де, жергілікті атқарушы органдар да осы проблеманы жою бойынша тиісті шаралар қабылдамайды. Былтыр картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана бағаны тұрақтандыра алдық", - деді Бақыт Сұлтанов.

Айтуынша, төмен бағамен сатылған биылғы экспорт (69 мың тонна) жыл басынан бері отандық өнім қорының үш есе қысқаруына әкелді (903 мың тоннадан 330 мың тоннаға дейін).

Сауда министрінің мәліметінше, осының орнын толтыру үшін Иран мен Пәкістаннан отандық өнімнен үш есе қымбат бағамен 28 мың тонна картоп сатып алынды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 441.41   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети