ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 ноября 2023 | 10:19

Гонконгтегі кванттық офтальмология зертханасын 32 жастағы қазақ жігіт басқарып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: жеке мұрағат Фото: жеке мұрағат

Гонконгтегі кванттық офтальмология зертханасын 32 жастағы қазақ жігіт басқарып жүр. Мұхит Құлмағанбетов - дәрігерлер отбасынан шыққан. Қарағандыда дүниеге келгенмен, 10 шақты жыл Қызылорда облысы Сырдария ауданының Қалжан ахун ауылында тұрды. 2002 жылы отбасымен бірге аудан орталығы Тереңөзекке қоныс аударды. Massaget.kz тілшісі аядай ауылдан шыққан офтальмологтың әлемдік ғылым жолындағы аяқалысы туралы өзінен сұрап білді.


Иконка комментария блок соц сети

Гонконгтегі кванттық офтальмология зертханасын 32 жастағы қазақ жігіт басқарып жүр. Мұхит Құлмағанбетов - дәрігерлер отбасынан шыққан. Қарағандыда дүниеге келгенмен, 10 шақты жыл Қызылорда облысы Сырдария ауданының Қалжан ахун ауылында тұрды. 2002 жылы отбасымен бірге аудан орталығы Тереңөзекке қоныс аударды. Massaget.kz тілшісі аядай ауылдан шыққан офтальмологтың әлемдік ғылым жолындағы аяқалысы туралы өзінен сұрап білді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Мұхит Құлмағанбетов - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу резидентурасында оқып жүрген кезінде 2017 жылы Уэльстегі Кардифф университетінің білім грантын иеленді. Мыңға жуық талапкердің арасынан іріктелген жеті студенттің бірі болу жерлесіміз үшін мүмкіндіктер баспалдағы еді. Уэльсте ол оптикалық жүйелер жасауға ден қойған-ды. Мұны естіген жерлесімізге канадалық ғалымдар "құда түсіпті". Олар Уатерлоу университетіне келуді немесе Гонконгте жаңадан құрылып жатқан кванттық офтальмология зертханасына жетекші болуын ұсынған. Елдегі оқуын тәмамдағалы бері Мұхит Құлмағанбетов Гонконгте.

"Шет елге жұмысқа шақырғанда эйфория болды дей алмаймын. Өйткені оған дейін де басқа мемлекеттерде оқып, өмір сүріп көрдім. Сондықтан бұл маған таңсық көрінген жоқ. Ұлыбританияға бірінші рет оқуға шақырғанда ерекше қуанғаным рас. Бұл әлеуетті адамдармен әріптес болу, бірге ғылыми жобалар жасауға алғашқы қадам еді", - деді кейіпкеріміз.

Жас ғалымның айтуынша, кванттық офтальмология - ғылыми айналымдағы жаңа термин.

"Кванттық физика, кванттық механика ғылымдарының бұрын-соңды көз ауруларын зерттеу ісімен байланысы болмаған. Біз атқарып жатқан жұмыс, құрастырып жатқан кванттық технологиялар көздің көру қабығы ауруларын ерте диагностикалауға арналған. Кез келген екі бағытты байланыстыратын ғылыми жобалар көбейе бастағанда жаңа бағыт қалыптасады. Бұл бағытта Ұлыбритания ғалымдары жұмыс қарқынын күшейтті. Арманым - жаңа технологияны Қазақстанға әкелу, еліміздің ғылыми рейтингін көтеруге үлес қосу", - деді жерлесіміз.

Гонконг зертханасында отандасымыз АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Үндістан, Гонконг, Сербия ғалымдарымен тығыз байланыста еңбек етіп келеді. Бірлескен еңбек нәтижесі соқырлыққа әкеп соғатын түрлі сырқатты ерте сатысында анықтауға бағытталған.

"Соның ішінде алдын алуға болатыны, бірінші орында тұрғаны - катаракта. Ал макулярлы дегенерация - емі жоқ аурудың ішінде ең кең тарағаны. Кванттық офтальмологияның арқасында емге көнбейтін ауруға шалдыққандарға көмектесуге болады", - деді Мұхит Құлмағанбетов.

Гонконгте ғылымды коммерцияландыруға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, қазақстандық ғалымға зертхана құрылғысын сатып алу үшін 1 млн доллар берген. "Неге алдың?" деп құжат жинатып, сандалтып қойған ешкім болмапты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети