"Игра в кальмара": елордада театр қызметкері робот жасап шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Желіде қазақша сөйлейтін роботтың видеосы тарап жатыр. Киімі танымал "Игра в кальмара" сериалындағы образға ұқсас. Tengrinews.kz тілшісі осы роботтың құрастырушысы Бауыржан Ақбарақовпен сөйлесіп, туындысы туралы сұрап білді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазақша сөйлейтін роботтың видеосы тарап жатыр. Киімі танымал "Игра в кальмара" сериалындағы образға ұқсас. Tengrinews.kz тілшісі осы роботтың құрастырушысы Бауыржан Ақбарақовпен сөйлесіп, туындысы туралы сұрап білді.

Бауыржан 31-жаста. Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Опера" театрында автоматизация жүйесінің әкімшісі қызметін атқарады.

"Роботтехника саласына бала кезімнен қызығамын. Роботтар туралы фильмдер көріп өскен баламыз. Болашақта бұл сала негізгі мамандығым болмаса да, хоббиіме айналды", - дейді ол.

Видеосы Желіде тарап жатқан роботты жасауға Бауыржанның 2 жылдай уақыты кеткен екен.

"Робот жасаумен жұмыстан тыс уақытымда айналысамын. Одан бөлек басқа да робот-жобаларым бар. Кейінгі кезде "Игра в кальмара" сериалы хит болып жатыр. Сол кезде неге роботты сол сериалдағы образға ұқсатпасқа деген ой келді. Негізі басында бұл роботты Хэллоуин мерекесіне арнаймын деп едім, бірақ уақытында жасап үлгермедім", - дейді Бауыржан.

Роботтың астында кішкентай дөңгелектер бар, соның көмегімен қозғалады. Одан бөлек ол қазақша сөйлейді. Бауыржан оны қалай жасағанын түсіндіріп берді.

"Робот ретінде өзім сөйлеймін, қашықтан басқару пультіне гарнитура қосылған. Робот видео және аудио таратқыштардан, негізгі басқару тақтасынан (мидан), дыбыс жазу құрылғысынан, күшейткіші бар колонкалардан тұрады. Одан бөлек, роботтың бірнеше камерасы бар, біреуі қашықтан басқаруға арналған, екінші - айналасын жақсы сапада түсіруге арналған экшн-камера", - дейді театр қызметкері.

Сонымен қатар, оның айтуынша, роботқа бас пен қол механизмін қосу үшін сервожетек қолданылған, гироскутердің бөлшектерін де пайдаланыпты. Басы мен қолдарының үлгісі жасалып, оны 3D принтермен басып шығарған.

"Робот жасау - менің негізгі жұмысым емес. Өзімнің хоббиім ғана, сондықтан түрлі бөлшектерден жасаймын. Робот техникасы саласында әлі көп жоспарым бар. Қазір ештеңе айтқым келмейді, қызық дүниелер жасағаннан кейін Желіге шығарамын. Бір жағынан мұндай қызығушылық жұмыста да көп эмоция сыйлайды. Әріптестерім алғаш көргенде таңғалды, түрлі эмоция болды. Сондықтан хоббиім менің ғана емес, айналамдағы адамдардың да көңілін көтеріп жүргеніне қуаныштымын", - деп түйіндеді Бауыржан Ақбарақов.

Суреттер Бауыржан Ақбарақовтың жеке мұрағатынан

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 518.9  course up  607.85  course up  6.63  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 24
Актау 30
Актобе 30
Атырау 33
Б
Балхаш 27
Ж
Жезказган 23
К
Караганда 23
Кокшетау 25
Костанай 30
Кызылорда 23
П
Павлодар 25
Петропавловск 24
С
Семей 26
Т
Талдыкорган 27
Тараз 29
Туркестан 32
У
Уральск 22
Усть-Каменогорск 29
Ш
Шымкент 26

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer