Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 мая 2019 21:31

Жаңа туған сәбидің денесіндегі көк белгі - Моңғол таңбасы жайлы не білесіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа туған сәбидің денесінде көк белгі болады екен, бұл ғылымда "Моңғол таңбасы" деп, ал арасында "Тәңір таңбасы" делініп жүр. Бұл таңба жайлы ғылым не дейді, дәрігерлер не дейді? Оның қаупі бар ма? Tengrinews.kz тілшісі көк белгіге қатысты мәлімет жинаған еді. 


Жаңа туған сәбидің денесінде көк белгі болады екен, бұл ғылымда "Моңғол таңбасы" деп, ал арасында "Тәңір таңбасы" делініп жүр. Бұл таңба жайлы ғылым не дейді, дәрігерлер не дейді? Оның қаупі бар ма? Tengrinews.kz тілшісі көк белгіге қатысты мәлімет жинаған еді. 

Бұл жұмбақ құбылыстың жауабын білу үшін ғалымдар көп жылдан бері талай зерттеу жүргізіп келеді. Жапонияда 2016 жылы антропологтар осы тақырыпқа арнайы ғылыми конференция да өткізген. Алайда бұл құбылысқа қатысты сипаттауға тән ғылыми жұмыстар ғана жүріп, қай халықтарда көп кездесетіні ғана айтылған.

Бұл көбіне қытай, жапон, вьетнам, корей және Африка, түркі халықтарында жаңа туған баланың денесінде шығатын қою көк таңба. Сирек жағдайда таңба эскимостарда, үнділерде, малайларда, самоандарда, Оңтүстік Америка тұрғындарында, кейде еуропалықтарда болады екен. Моңғолойд нәсіліндегі балалардың 90 пайызында мұндай белгі бар. 

Алайда, дәрігерлер мұны ауытқу (патология) деп атағанымен, ешқандай да дискомфорт немесе ауырсыну туғызбайды дейді. Яғни ауру түріне жатпайды. Кейін екінші жылы баланың денесінен бұл ауытқу кетеді екен. Ары кетсе 10 жасқа дейін ғана сақталады да, ал ересек жасқа дейін сирек сақталып қалады-мыс.

Ғылым тілінде невус деп те айтылатын бұл белгі сәби бойында ана жатырында жатқанында шығады екен. Адамның терісі екі қабаттан тұрады - ішкі және сыртқы. Эпидермис деп аталатын бірінші қабатында пигментация тудыратын меланоцит жасушалары синтезделеді екен. Баланың ана жатырында даму кезеңінде жасушалар ішкі теріден сыртқысына ауысады. Кейде бұл процес өз уақытында аяқталмай, меланоциттер ішкі теріде, яғни дермада қалып қояды. Осы пигмент тері бетіне қою көк түс береді. Бұл Моңғол таңбасы неден пайда болды деген сұраққа берілетін негізгі теория. Алайда нақты себебі әлі де зерттелмеген. 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сәби неонатологиясы және хирургиясы бөлімшесінің жетекшісі Диляра Качуринаның айтуынша, бұл пигмент таңбаларды скальпель, лазер, сұйық азот немесе басқа да заманауи косметология құралымен алып тастауға тыйым салынған. Гиперпигментация ошақтарының түсін кетіру үшін ағартатын химиялық заттарды да қолдануға кеңес етілмейді екен.  

Бірақ дәрігер міндетті түрде дәрігерге көріну керек дейді. Себебі оны басқа дертпен шатастыруыңыз да мүмкін екен.

"Туа бітті невус тері меланомасына ұласады, алайда моңғол таңбасын гиперпигментацияның қатерлі аурулардың дамуына әкеп соғатын өзге түрлерінен ажырату маңызды. Дерматолог дифференциал диагностика өткізу мақсатында дерматоскоппия, сиаскопия немесе биопсия сараптамаларын тағайындайды", - дейді ол.

Маманның пайымдауынша, невус өз бетімен 5 жастан кейін кетеді, десе де бұл белгілер баланың денесінде өмір бойына да қалып қоятын жағдайлар кездескен.

Ресейдің нәсілтану және нәсіл гигиенасы жөніндегі жетекші маманы, ғалым Владимир Авдеев "Расология" деп аталатын еңбегінде бұл көк таңба жайлы қысқаша пікір білдіріп, ғалымдардың сөзін келтірген.

Кітаптың "Тері пигментациясы және "моңғол" белгісі" деп аталатын тарауында автор жаңа туған балалардың денесінде көк белгі болатынына алғашқы болып назар аударғандарды атайды. Олар - антрополгтар Эрвин Бельц, Отто Финг және Бунтаро Адахи. Ғылымда бұл белгінің "Моңғол таңбасы" деген атауы қай нәсілде бұл белгілердің көп кездескеніне байланысты қойылыпты. 

Еңбек авторы орыстың белгілі антропологы Борис Вишневскийдің "Человек, как производительная сила" еңбегіндегі мына бір сипаттамаға тоқталады: "Акушерлер, фельдшерлер, дәрігерлер жаңа туған сәбилердің денесінен қара қою таңба мен оның көлемін оңай бақылай алған. Бұл белгі моңғол нәсілінің балаларына тән". Мұндай "моңғол таңбалары" өмір бойына қалмайды, көп уақыт өтпей өзі-ақ кетеді".

Неміс теоретигі Барон Эгон фон Эйкштедт бұл белгілер жайлы былай деп сипаттама жазған екен: "Моңғол таңбасы қасиетті деп саналған. Ол құйымшақ маңайындағы пигменттердің жиынтығы. Оның тығыздығы мен формасы әр алуан болуы мүмкін. (...) Түсі ашық сұр, қою көк болып келеді. Ол сөзсіз тұқым қуалайды".

Эквадорда және Бразилияда бұл белгіні жағымсыз жағдай деп есептейтін көрінеді. Анасының тегі еуропалық, ал өзі бразилиядан болса, мұндай кезде "жамбастағы медаль" деп атайды-мыс. Ал ересек адамда кездейсоқ көрініп қалса, "жасыл жамбасты" дейді екен. Ал эскимостарда және полинезиялықтарда бұл таңба таза табиғаттың белгісі делінеді. 

Белгілісі, бұл белгі Жапонияда туған балалардың 99,5 пайызында бір жасқа дейін сақталады екен, бес жасқа дейін 62 пайызында ғана, ал он жасқа дейін 6 пайызында ғана сақталады делінеді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети