Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 января 2021 17:26

Желі қолданушылары әйелдің бетіне торт жаққан жігіттің ісіне ашуланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Әйелдің бетіне торт жаққан жігіттің видеосы Желі қолданушыларының ашуын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әйелдің бетіне торт жаққан жігіттің видеосы Желі қолданушыларының ашуын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram желісінде жарияланған видеода жігіттің егде жастағы әйелге тілек айтып жатқаны көрінеді, бірақ видеоның соңында ол әйелдің бетіне торт жағып жібереді. Жазбаға қалдырылған пікірлерге қарағанда, видео Атырау облысында түсірілген. Тіпті кей видеода Құлсары деген жазуды байқауға болады.

Алайда Атырау облысы Жылыой ауданы әкімінің кеңесшісі Ербол Шымырбай бұл видеоның Құлсарыда түсірілмеген айтты. Оның айтуынша, видео TikTok-тан алынған және оған монтаж жасалған. Сондықтан zellokulsary деп тарап кеткен.

"Біз ол жазбаны өшірттік. Видеоның қайда түсірілгені әзірше белгісіз", - деді әкімдік өкілі.

Қолданушылар жігіттің осы әрекетіне наразылық білдіріп, оның санасыз екенін айтып, сөгіп жатыр. Айта кетейік, көбі видеодағы әйел анасы деген болжам жасап жатыр.

"Тіпті сөзім жоқ, бұл видеоны көріп төбемнен тас түскендей болды", "Сұмдық қой мынау қылық? Досыңмен ойна,үлкен кісімен бұлай ойнаған дұрыс болмас", 'Мал болып барады, не сұмдық мынау" деген пікірлер қалдырылған. Ал кейбірі видеодағы әйелді оның анасы екенін айтып, анасын бүкіл елге мазақ еткенін жазып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети