Бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына жүрегін ота арқылы ауыстырған Гүлмира Смаилова қонақ болды.
Бүгін Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына жүрегін ота арқылы ауыстырған Гүлмира Смаилова қонақ болды.
Кейіпкер ақылы, ой-санасы оңтүстіктен екенін, бірақ жаңа жүрек батыстан бұйырғанын әңгімеледі.
"Негізінде мен жүректі 4 жыл күттім. Жүрегімнің қызметі дұрыс болуы үшін тамақтану әдетімді өзгерттім, өмірге деген көзқарасым барынша өзгерді. Енді мен өмірге басқаша қарайтын болдым, өмір маған жаңа мүмкіндік берді, сол бір әрбір атқан таңымды сабырмен, оймен өткізетін болдым. Жүрек ауыстырғаннан кейін күйеуім мінезімде өзгеріс жоқ екенін айтты", - дейді ол.
Оңтүстіктің тумасында жас ер адамның жүрегі болғандықтан қазіргі уақытта Гүлмира иммунитетін төмен ұстап отыру керек екен. Бір өліп, бір тірілген Гүлмираның ендігі өмірі тек дәріге байланысты.
Алайда донорлық жайлы еш жерде ақпарат айтылмайтындықтан Гүлмирада қандай жігіттің жүрегі және оның кім екенінен бейхабар екенін айта кетті.
Әңгімесінде Гүлмира Ұлттық кардо-химия орталығындағы дәрігерлер ұжымына алғысын айтты. "Юрий Пя, Бекбосынова Махаббат Сансызбайқызы, Мырзахметова Гүлжан Шалатайқызы, Андосова Салтанат Қожаққызы, Мұкатаева Ғалия сияқты өз ісінің мамандарына алғысым шексіз. Ең үлкен алғысым ақтөбелік белгісіз жанға және де олар өздерінің қайғысына қарамай маған өмір сыйлағанына мың алғыс", - дейді ол.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.