Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 октября 2020 17:51

"Қайтадан карантин керек". Алматылықтар кептеліс кезінде қалай әзілдеседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар үшін басты мәселелердің бірі - қаладағы кептеліс. Күнінің басым бөлігін кептелісте өткізіп көрмеген тұрғын жоқ шығар. Кейде бұл кептеліске мойынсұнып, оған тек әзілмен қарайтындар бар. Tengrinews.kz тілшісі алматылықтардың кептеліс кезінде қалай әзілдейтінін жинады.


Алматылықтар үшін басты мәселелердің бірі - қаладағы кептеліс. Күнінің басым бөлігін кептелісте өткізіп көрмеген тұрғын жоқ шығар. Кейде бұл кептеліске мойынсұнып, оған тек әзілмен қарайтындар бар. Tengrinews.kz тілшісі алматылықтардың кептеліс кезінде қалай әзілдейтінін жинады.

Технология заманында қай көшелерде кептеліс барын көрсетіп тұратын арнайы қосымша көп. Сол арқылы жүргізушілер көлік көп жиналған жерден айналып өтуге тырысады. Бірақ бұл көмектесе бермейді.

Жүргізушілер үшін бұл қаладағы ең өзекті мәселе болған соң, мен отырған таксидің жүргізушісі кептеліс туралы әңгіме қозғады.

"Алматыда көлік айдап жүргеніме 15 жылдан асты. Қазір кептелістің қай жерде және қашан басталатынын жаттап алдық. Қашамын десең де, құтыла алмайсың. Бірақ амал жоқ, күн көру керек", - дейді ол.

Таксист бұлай ағынан жарылған кезде бірнеше минут бойы қозғалыссыз тұрғанбыз. Амал жол, картадан кептелістерді көрсететін картаны ашып, қарап отырдым. Көшенің көбі қызыл түске боялған - кептеліс деген сөз.

Әдетте мұндай қосымшалардың жазба қалдыратын функциясы болады. Онда көлік жүргізушілері басқа "әріптестерімен" жолдағы жаңалықтарды бөлісіп отырады - қай жерде кептеліс бар, қай жерде жол апаты болғанын.

Ал біреулер кептеліске көніп, бірнеше минут бір орында тұрған соң, қосымша арқылы әзілдей бастайды. Мысалы, кептелісте тұрғандардың бірі "Бұл қалаға жолдың екінші қабатын салатын сәт жетті" деп әзілдеген.

Ал тағы бірі кептелісте ұзақ тұрса керек, "Тікұшақ сатып аламын" деген жазба қалдырған.

Жүргізушілердің тағы бірі қаладағы қатаң карантин кезінде кептеліс аз болғанын сағынса керек: "Алматыға карантин қайта керек сияқты" деп жазыпты.

Кептелісте көп адамның іші пысатын сияқты. Мұндай жазба көп.

 

Кейбірі кептелістен қашамын деп көлік көп жүрмейтін көшелермен кетеді. Бірақ олай ойлайтындар көп. Сондықтан, жаңа кептеліс пайда болады:

"Барлық ақылды кептелісті айналып өтуді жөн көріп, өздерінің кептелісін жасап алды".

Ал кейбірі кептелісті пайдаланып, болашағын ойлап жүр: "Тұрмысқа шығамын. Ниет білдіретіндер бар ма?".

Біреуі ұзын-сонар кептелістен мезі болса, бәзбіреулер үйіне жеткеніне қуанып жатыр.

"Қазір Павлодарда болсам ғой" дейді біреуі. Соған қарағанда, Павлодарда кептеліс жоқ шығар.

"Автобус жақсырақ". Алматының кей үлкен көшесінде автобус жолағы бар. Қоғамдық көлікпен жүрсең, баратын жеріңе тезірек жетесің. Бұл жазбаны автобуста отырған жолаушының бірі жазса керек.

Ал кей жүргізуші кептеліске көнген сияқты, тек әндетіп отыр: "Шудың бойында сені іздедім".

Бұл кептелісте тұрған жарты сағаттағы жазбалар. Кейін бара жатқан жеріме жақындап, түсуге дайындалдым. Таксист қалжыңдап қоштасты.

"Кейде фильмдерде асығып бара жатқан басты кейіпкер секілді көлігіңді кептелісте тастап, жүгіріп кеткің келеді. Бірақ көзіңе елестетіп қана орныңда тұра бересің. Ал саған рахат, кептелістен құтылдың", - деп жымиды да, мен түсіп қалған соң, кептелісте тұрған көліктер арасына қосылып кетті.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети