1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

"Қазақстанда түсірілсе..." Желіде "Игра в кальмара" сериалы туралы мемдер тарады 05 октября 2021, 16:42

17 қыркүйекте Netflix платформасында оңтүстіккореялық "Игра в кальмара" веб-сериалының әлемдік премьерасы болды. Сериал сюжеті Кореяда 1970-1980-жылдары
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: instagram.com/godart01 Фото: instagram.com/godart01

17 қыркүйекте Netflix платформасында оңтүстіккореялық "Игра в кальмара" веб-сериалының әлемдік премьерасы болды. Сериал сюжеті Кореяда 1970-1980-жылдары танымал болған "Игра в кальмара" ойынына негізделген. Tengrinews.kz тілшісі сериал туралы Желіде тараған мемдерді жинады. 

Үздік актерлік құрам, сюжет. "Игра в кальмара" сериалы көрерменді несімен қызықтырды?

Instagram Qazaqgrammar парақшасы сериалдағы кадрмен қазақ тілін үйренудегі қиындықтар туралы мемдер топтамасын жасады.  

Бұл сериалдағы басты рольдегі кейіпкер - 456-ші ойыншы Сон Ки Хун. Сериалда басты рольде Ки Хуннан бөлек, қатерлі ісікке шалдыққан №001 ойыншы шал, №218 ойыншы Чхо Сан Воо бұрынғы сыныптасы әрі кәсіпкер, №067 ойыншы ұры қыз, аңқау әрі аңғал мигрант №199 ойыншы бар.

Бастапқыда жиналған 456 адамның сериал соңында тек біреуі қалып ұтыс жүлдесі 45 миллиард 600 миллион вонды жеңіп алады. 

Korea Times мәліметінше, 27 қыркүйекте сериал Netflix платформасындағы дүниежүзілік рейтингінде үздік атанған.

Сериал туралы TikTok-та түсірілген видеолар бүгінде 26 миллиард қаралым жинаған. 

Сонымен қатар, Желі қолданушылары сериал Қазақстанда түсірілсе қалай болатынын болжап көрген. 

@yussupovarman

❗️Fake situation❗️

♬ оригинальный звук - Арман Юсупов

@yussupovarman

Самый сложный вопрос: казы с жиром или без?😂

♬ оригинальный звук - Арман Юсупов

Желі қолданушылары сериал қазақстанда түсірілген жағдайда басты рольге Жан Байжанбаев, Гүлнара Сильбаева, Шәріп Серік, Аян Өтепберген және Ерболат Тоғызақов лайық деген. 


Фото: instagram.com/godart01

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram