Қазақстандық студент қыз Голливуд актерлерімен "бірге" видео түсіріп жүр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Шымкент қаласының тұрғыны Ажар Зұлыпбек бүгінде TikTok әлеуметтік желісінде ерекше форматта видео түсіріп жүр. Ол шетелдік актерлермен "бірге" видео түсіреді. Бүгінде "Дизайнер" мамандығы бойынша колледжде білім алып жатыр. Биыл оқуын бітіреді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының тұрғыны Ажар Зұлыпбек бүгінде TikTok әлеуметтік желісінде ерекше форматта видео түсіріп жүр. Ол шетелдік актерлермен "бірге" видео түсіреді. Бүгінде "Дизайнер" мамандығы бойынша колледжде білім алып жатыр. Биыл оқуын бітіреді. 

Ажар TikTok-парақшасын осыдан төрт жыл бұрын ашып, видеолар түсірген. Бастапқыда оның видео түсіргеніне мазақтай қараған екен. Бүгінде оның жеті мыңнан аса оқырман бар. Жалпы видеоларына 233 мыңнан аса лайк басылған. 

"Негізі TikTok-тағы парақшамды 2017 жылы ашқанмын. Алғашқы видео сол жылы салынған. Сол кезден бері видео түсіріп келе жатырмын. Арасында достарым көріп, мазақтаған кездер болған. Видео түсіруді тоқтатқым келген кездер болды. Бірақ тоқтамадым, себебім жүрек қалауым сол. Алты ай бұрын 300-дей оқырманым ғана болған. Осы форматта түсіре бастаған кезде көп адам жазылып, 7 мың адамға жетті. Қолымнан келгеніне әлі күнге дейін қуанамын", - дейді Ажар.  

Бұл Ажардың парақшасындағы қаралым көп жинаған видеоның бірі. Видеоны 268 мыңнан аса адам көріп, 42,2 мың лайк басылған. Оны америкалық актер Крис Эванспен "түсірген".  

@egyptianka

inst: laviellla #chrisevans #marvel #avengers

♬ оригинальный звук - Egyptianka

Ажардың арманы - фильмдерге түсіп, актриса атану екен. 

"2017 жылдан бері видео түсіре бастағандықтан содан бері қызығушылығым оянып, түрлі бағдарламаны жүктеп, зерттей бастадым. Арманым - фильмге түсу, актриса болғым келеді. Басында өз қабілетіме таңғалдым. Кейіннен ол оқырмандарыма да ұнады. Видеоның монтажынан бастап өзім жасаймын. Бәрі тәжірибемен келген нәрсе ғой. Бір қарағанда мұндай форматта видео жасау оңай сияқты көрінеді. Кейбірі "үйретші" деп те жатады. Бірақ ол бір отырып көрсете салатын нәрсе емес", - дейді ол. 

Ажар Зұлытбек

Ажардың айтуынша, бір видеоны түсіруге әр кезде әртүрлі уақыт кетеді. 

"Монтаж уақыты видеоның қиындығына байланысты: ең аз дегенде екі сағат кетеді. Идея әр кезде әртүрлі, бірде бір сағатта ойланып істей саламын. Кейде ұзақ уақыт, бір-екі апта жүріп ойластыратын кездер де болады. Ал түсірілімге екі сағаттай ғана кетеді. Себебі мен бір дубльмен түсіре салуға үйреніп кеткенмін. Түсірілімді үйде, телефонмен өзім жасаймын", - дейді Ажар. 

@egyptianka

insta:laviellla ##avengers ##chrisevans ##capitanamerica ##steverogers

♬ оригинальный звук - Egyptianka

Ажар шетелдік актерлермен "видео" түсіріп жүргенін ұзақ уақыт отбасынан жасырып келген.

"Соңғы видеоларымның бірін Instagram-ға салғанда көп жерге тарап кетті. Жасырсам да отбасым біліп қойды. Басқа реакция күткен едім, бірақ анам күлді. Анам: "Осыны жалғастырғың келе ме? Сенің бетіңді қанша қайтарсақ та осыған келіп тұр екенсің. Бөлмеңе қамап қойсақ та түсіріп жүрсің" деген еді. Алдағы уақытта осы форматта түсіруді жалғастырғым келеді. 

Маған інім жақсы қолдау білдіреді. Оған алғыс айтқым келеді. Себебі кейде сонша уақыт кетіріп, монтаж жасап, видеоны жүктеген кезде лайк жиналмай қалатын кездер болады. Соған байланысты көңілім түсіп кеткен кездері інім: "Әлі де қолыңнан келеді. Бәрі бірден бола бермейді", - дейді Ажар.

@egyptianka

##chrisevans ##capitanamerica ##marvel

♬ оригинальный звук - Egyptianka

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 507.07  course down  578.44  course up  6.38  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 23
Актау 20
Актобе 16
Атырау 24
Б
Балхаш 31
Ж
Жезказган 28
К
Караганда 20
Кокшетау 18
Костанай 32
Кызылорда 27
П
Павлодар 24
Петропавловск 30
С
Семей 31
Т
Талдыкорган 35
Тараз 35
Туркестан 23
У
Уральск 29
Усть-Каменогорск 35
Ш
Шымкент 28

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer