Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 февраля 2022 19:54

Қазақстанға синтетикалық қырыққабат жеткізілді деген ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде таралған видео кадры Желіде таралған видео кадры

Әлеуметтік желілерде синтетикалық қырыққабат жасау барысы көрсетілген видео тарады. Видео сипаттамасында мұндай өнімдер қазақстандық нарыққа да жеткізілуі мүмкін деп жазылған. Алайда бұл жалған. Бұл деректі Stopfake.kz басылымы тексеріп көрген.


Әлеуметтік желілерде синтетикалық қырыққабат жасау барысы көрсетілген видео тарады. Видео сипаттамасында мұндай өнімдер қазақстандық нарыққа да жеткізілуі мүмкін деп жазылған. Алайда бұл жалған. Бұл деректі Stopfake.kz басылымы тексеріп көрген.

Басылым мәліметінше, бұл видео Желіде 2016 жылы шыққан. Ол көптеген елдерде кеңінен тарады және видео сипаттамасында "Қытайда қырыққабат жасау" деп жазылып келді.

"Балауыз салатты қолдан жасау процесінің видеосын YouTube-тен көруге болады. Ол Жапонияда Гудз қаласында түсірілген - бұл ультра шынайы тамақ үлгілерін жасау технологиясы пайда болған жер. Мұндай балауыздан жасалған өнімдер жапон мейрамханаларында витриналарды безендіру үшін қолданылады", - дейді басылым журналистері.

Желіде балауыздан жасалған азық-түлік муляждарын жасау барысын көрсететін басқа да роликтер бар. 
Kotaku жапон порталы 2014 жылы мейрамханалар мен дүкендердің терезелерін безендіруге арналған балауыздан және басқа материалдардан жасалған фейк тағам туралы мақала жариялады. Сондай-ақ, авторлар мұндай өнімдер, оларды жасау процесінің фотосуреттері мен видеолары жалған ақпарат тарату үшін жиі қолданылатынын атап өтті.

Бүгінде Қазнетте таратылып жатқан видео бұған дейін Желінің ағылшын тілді сегментінде вирустық сипатқа ие болған. Пайдаланушылар мұндай синтетикалық қырыққабат АҚШ дүкендері мен мейрамханаларына жеткізіледі деп жазған болатын. Snopes порталы бұл мәлімдемені жоққа шығарды. 2018 жылы Францияда осы сияқты қолдан ет жасау барысы көрсетілген видео тарады. Шындығында, роликте резеңке жасау процесі көрсетілгені туралы The Observers порталы хабарлады. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети