Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 сентября 2021 15:26

"Көп нәрсе біліп қайттық". Ұлыбритания патшайымының бөлесі Аралқұмды жаяу аралады

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II бөлесі Роузи Стэнсер Аралқұмды жаяу аралап шықты. Тартылған Арал теңізін арнайы көруге келген Роузи Стэнсермен және оның серіктесі, әрі танымал фотограф Пом Оливермен "Оян, Qazaqstan" таңғы бағдарламасының тілшісі сұхбаттасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ұлыбритания патшайымы Елизавета II бөлесі Роузи Стэнсер Аралқұмды жаяу аралап шықты. Тартылған Арал теңізін арнайы көруге келген Роузи Стэнсермен және оның серіктесі, әрі танымал фотограф Пом Оливермен "Оян, Qazaqstan" таңғы бағдарламасының тілшісі сұхбаттасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Роузи 61-де, Пом Оливер 70-те. Бірақ қартайдық деп тұрған екеуі жоқ. Арқасына 20-25 келі жүкті асып алып, күніне 20 шақырымды еңсеріп, Аралды кесіп өткен. Тұзды аймақта жаз кезінде ауа райы ысып кететін болғандықтан Пом Оливер сәл ауырып қалыпты. Қазір тәуір болғанын айтады. Енді сәтті өткен экспедицияның қорытындысын олар Лондондағы географиялық қауымдастықтың фотокөрмесіне қойып, дүйім жұртқа көрсетпек. Түсірілген тамаша фотолар мен видеолар көп, дейді олар.

- Сізді қазақстандық медиа Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің бөлесі деп шулады. Шынымен солай ма?

"Мен Ұлы мәртебелі патшайымнның шотландиялық нағашы жұрты жағынан туысқанмын. Аналарымыз апалы-сіңілі болып келеді. Сол шотландиялық атым ғой шулатып шығарып жүрген", - дейді Роузи Стэнсер.

- Сонда патшалық әулеті сапарға дейін, одан кейін хат жазбады ма?

"Үйге қайтқанда ол жақта қызуғышылық болады деп ойлаймын. Чарльз ханзада экологияны сақтаумен тұрақты жұмыс істеп келеді. Ол кісінің де бізге қояр сұрағы боларына кәміл сенемін", - деді Роузи Стэнсер. 

- Пом, саяхаттап жүргенде сырқаттанып қалыпсыз? Тәуір болдыңыз ба?

"Аптап ыстықта бірнеше күн жаяу жүру шынымен де ауыр болды. Жүктің бәрін арбада тасып жүрдік. Суымыз да шектеулі мөлшерде. Қатты шаршадым. Бір-екі күн демалуыма тура келді. Ал Роузи жалғыз сапарын жалғастырды", - дейді Пом Оливер. 

- Нәтиже жайлы сөйлесу әлі ерте екенін білемін, алайда осы уақытқа дейін не біліп, үйрендіңіздер?

"Көп нәрсе біліп қайттық. Біраз жыл бұрын батыс басылымдары Арал теңізі жайлы жазып, шулап жатты. Олар Аралды адам қолынан болған ең үлкен трагедия деп қана білді. Бірақ қалай болғаны жайында көп ақпарат жоқ еді. Біз сол ең жас шөл сырын білуге ұмтылдық. Қазақстан билігінің апат салдарымен күйреуіне куә болдық. Жануарлардың жерде су таппай жүргенін көру аянышты. Алайда қуануға да болатын жағдайларды көрдік. Бөгеттің салынуы, сексеуіл ормандарының отырғызылуы. Тұрғындардың оралуы көңілге жұбаныш болады екен", - дейді Роузи Стэнсер.

- Нәтижесін қалай жариялайсыздар? Көрме ме, әлде деректі фильм бе?

"Пом - керемет фотограф. Қаншама видео да түсірді. Сол көп материалды жинап, ұйымдастыру Помның міндеті. Олардың барлығын Лондондағы патшалық географиялық қауымдастықта фото көрме ретінде де жұртқа ұсынамыз. Біріккен Ұлттар ұйымының климаттық өзгерістеріне орай өткізілетін топ-26 платформасында да жариялаймыз. Бізді тамсандырған осындай сұлу Қазақстанның барша тұрғынына қайырлы таң, үйден шығып, арман қуып, саяхаттап жүруге шақырамын. Сүрінуден қорықпаңыз. Жығылғанды жер көтереді", - деді Роузи Стэнсер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети