Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 февраля 2021 13:35

"Лакидің жолын қуса деймін". Лос-Анджелес тұрғыны ақтөбелік итті асырап алмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда бір жігіт тоңазытқыш есігіне қылғындырып, кейін Лос-Анджелестен жаңа қожайын тапқан Лаки есімді ит есіңізде ме? Ақтөбеде тағы бір итті Лос-Анджелес тұрғыны алып кетпек. Дала кезіп жүрген итті волонтерлер алып, оған жаңа өмір сыйламақ. Tengrinews.kz тілшісі ақтөбелік волонтер Алиса Маркевичпен сөйлесіп, иттің өмірі мен оған Лос-Анджелестен қожайын қалай табылғанын сұрады.


Атырауда бір жігіт тоңазытқыш есігіне қылғындырып, кейін Лос-Анджелестен жаңа қожайын тапқан Лаки есімді ит есіңізде ме? Ақтөбеде тағы бір итті Лос-Анджелес тұрғыны алып кетпек. Дала кезіп жүрген итті волонтерлер алып, оған жаңа өмір сыйламақ. Tengrinews.kz тілшісі ақтөбелік волонтер Алиса Маркевичпен сөйлесіп, иттің өмірі мен оған Лос-Анджелестен қожайын қалай табылғанын сұрады.

Бұл иттің есімі - Кнопочка. Бұрынғы есімі қандай болғаны белгісіз, болмаған да шығар.

Алисаның айтуынша, Ақтөбеде иттерді аулау кезеңі басталған. Бұрынғыдай атудың орнына оларды аулап, жануарлар панасына апарады екен. Ол үйсіз көше кезіп жүрген ит те, қожайыны бар, адасып қалған ит те болуы мүмкін. Қожайыны бар болса, кейін оны алып кетеді. Ал үйсіз иттерге қожайын ізделеді.

"Мен волонтерлер тобына кіремін, бізде үйсіз жануарларды құтқару үшін бар күшін салатын керемет адамдар жиналған. Біз жануарлар өз үйін, қожайынын табуы үшін тырысамыз. Панада күшік көп. Екі күшікке қожайын таба алдым. Кейін үшінші күшікті асырап алатын адам іздей бастадым. Бұл жолы көңілім бір күшікке түсті, маған үмітпен қарағандай болып, артымнан жүре берді. Бұл осы Кнопочка болатын", - дейді Алиса.

Үйсіз күшікке Кнопочка деген есімді Алиса берген.

"Бұрын қожайыны болмаған, оны иттер панасына алып келді. Оған Кнопочка деген ат қойдым. Себебі кішкентай. Бірден осы атқа үйреніп, "Кнопочка" десем, жүгіріп келетін болды. Сөйтіп, бұл ат солай қалды", - дейді ол.

Артынша Алиса кішкентай Конопочкаға да қожайын іздей бастаған. Бұл жолы Қазақстаннан емес, мұхиттың ар жағынан қожайын табылған.

"Күшіктің суретін Instagram-парақшама салып, фолловерлерімнен жан-жаққа таратуын сұрадым. Бірі болмаса, басқасы бірінің танысы өзіне алып қалар деп сендім. Солай болды да! Құрбымның репостын АҚШ-та тұратын Линда есімді танысы көріп қалған. Ол маған жазып, Кнопочканы өзіне алғысы келетінін айтты", - дейді волонтер.

Енді жануарлар панасының еріктілері күшікті АҚШ-қа жеткізудің жолын іздеп жатыр.

"Кнопка жаңа қожайынына жетуі үшін оны АҚШ-қа алып баратын адам қажет. Сондай адамды іздеп жатырмыз. Мүмкін елімізде АҚШ-қа, Лос-Анджелеске баруды жоспарлап отырғандар бар шығар. Итті билетсіз, қасына жетектейтін адамсыз АҚШ-қа жіберетін де нұсқа бар. Бірақ ол бізге қымбат, 600 доллар қажет. Бірақ еңсеміз түспейді. Әлеуметтік желі арқылы күшікке қожайын таптық, оны апара алатын адам да табылар деп үміттенемін", - дейді Алиса.

Ал әзірше қазақстандықтар бұл ақпаратты желіде таратып, көмектесіп жатыр екен.

"Әзірше халық бұл ақпаратты таратып жатыр, бұл да өте жақсы. Оның үстіне, Линда кеше ғана хабарласты, сондықтан бәрі алда. Күшікті АҚШ-қа апаратын адамды міндетті түрде табамыз", - дейді ол.


Алиса Маркевич Кнопочкамен 

Алиса Маркевич далада туып, жануарлар панасына жеткен кішкентай күшікке жаңа өмір сыйлау үшін қолынан келгеннің бәрін істейтінін айтады. Кнопочка былтыр Атырауда өле жаздап, Лос-Анджелесте жаңа өмір бастаған Лакидің жолын қайталайтынына сенімді.

"Екі иттің ұқсастығы бар. Екеуі де қожайынының махаббатын сезіне алмады. Екеуіне де Лос-Анджелестен жаңа өмір бастауға мүмкіндік туды. Бірақ ең қатты байланыстыра алатыны - жануарларға бей-жай қарамайтын адамдар. Лаки АҚШ-та жаңа қожайынымен бірге бақытты өмір сүріп жатыр деген ақпарат болып еді. Енді Кнопка да сол жолды қайталайды деп үміттенемін", - дейді Алиса.

Суреттер Алиса Маркевичтің жеке мұрағатынан

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети