1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

"Ілік іздемейік" - қазақша сөйлейтін гей-тыңшылар туралы америкалық мультсериал авторы 22 октября 2021, 17:31

2 қыркүйекте Netflix платформасында 18 жастан асқан көрерменге арналған Q-Force мультхикаясы жарыққа шықты. Ең қызығы, ЛГБТК+ өкілдерінен жасақталған
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Мультхикая кадры Мультхикая кадры

2 қыркүйекте Netflix платформасында 18 жастан асқан көрерменге арналған Q-Force мультхикаясы жарыққа шықты. Ең қызығы, ЛГБТК+ өкілдерінен жасақталған анимациялық туындыда қазақ тілінде сөйлейтін кейіпкерлер де табылды. Бұған қатысты Қазнетте қызу талқы болған еді. Tengrinews.kz тілшісі атышулы жобаның авторы әрі продюсері Гейб Лидманмен сұхбаттасып, Q-Force және ондағы кейіпкерлер жайында сұрады.


Мультфильм продюсері Гейб Лидман

Лидман бұған дейін "Бруклин 9-9", "Кроллдың шоуы" және тағы да басқа танымал сериалдарға продюсерлік еткен. Енді ол тізімді Netflix стриминг платформасына енген Q-Force толықтырып отыр.

Таяуда 10 бөлімнен тұратын сериалдың бірінші маусымы аяқталды. Q-Force сюжеті бойынша, гей-тыңшы Стив Мэривезер ЛГБТК+ өкілдерінен арнайы жасақ құрып, солай көзге түскісі келген. Мультхикаяның бір ғана бөлімінде кейіпкерлер қазақ тілінде сөйлейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Қазақстанда кеңінен талқыланған туындының авторынан шоудың қалай пайда болғанын және мақсатын сұрадық.  

"Голливудтағы бір кездесуде әріптестеріммен түрлі тақырыпта әңгімелесіп отырдық. Бірде жобаның серіктес-продюсері Тодд Миллинер екеуміздің ойымызға ЛГБТК+ өкілінен шыққан Джеймс Бонд келді. Егер Бонд сияқты өз ісіңнің нағыз шебері болсаң, сенің жынысыңда кімнің шатағы бар? Біз бұған дейін арамызда жүрген басқа жынысты адамдар туралы анимациялық сериалдың жоғын біліп, осы идеяны қолға алатын болып ұйғардық. Мұнда асып бара жатқан идеология жоқ, сондықтан жоқ жерден ілік іздеуге болмайды", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gabe Liedman (@gabeliedman)

Ол өз туындысын неге мультсериалға айналдырғанын айтып берді. Оның сөзінше, қазір әлемде анимацияға деген қызығушылық артты.

"Біз, ең алдымен, маңызды әрі ауқымды тақырыптарды қарапайым сюжетпен 20 минут ішіне сидырғымыз келді. Сондықтан ситком жанрынан бас тарттық, оның үстіне анимация арқылы біраз ақша үнемдеп, сапалы контент жасауға болады. Бүгінде анимацияны тек мектеп оқушылары көреді деген түсінік толығымен жойылды, неге десеңіз, адамдардың киноиндустрияға деген көзқарас өзгерді. Ешкімнің шамына тимейтін, ешкімнің қандай да бір көзқарасына қайшы келмейтін жасанды кейіпкерлерге сұраныс артып отыр. Мұны заман талабы дер едім. Одан бөлек, жасырып қайтейін, мансабымда бұған дейін болмаған тақырыпты көтергім келді", - дейді Гейб.

Мульсериал кадры

Сонымен қатар, Гейб Лидман мультхикаядағы қазақша сөйлеген кейіпкерлер туралы да сөз қозғады.

"Егер мән беріп қарасаңыз, анимацияның басында тәліптерді де атап өттік. Ал дәл сол қазақша сөйлеген кейіпкерге келетін болсақ, ол тек бірінші бөлімде ғана бой көрсеткен антагонист-террорист. Ол ядролық қаруды заңсыз сатумен айналысып, тыңшылардың қолына түседі және одан кейін сериалда аты аталмайды. Қалай десем екен... Шынымды айтсам, бұл бір аса мән беретін жайт емес еді. Иә, дрэг-шоуда қазақ тіліндегі диалог болды. Десе де, кадрда оны ешкім қазақ деп таныстырған жоқ қой", - деп сөзін аяқтады автор.

Алайда продюсер туындыда неге кейіпкерлерді дәл қазақ тілінде сөйлеткеніне қатысты және өзге де сұрақтарымызға жауап беруден бас тартты.

Автор: Мұхтар Жәмішжанов



Join Telegram