Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 марта 2020 12:26

Маска, онлайн-той, айыппұл. Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде қалай үйленіп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ - тойшыл қауым. Сондықтан елде төтенше жағдай жарияланған кезде көбі тойды қалай өткіземіз деп алаңдаған. 15 наурыздан бері елде той жасауға тыйым салынды. Бірақ соған қарамай той өткізгендер бар. Ал кейбірі онлайн-той өткізуді ұсынған. Tengrinews.kz тілшісі той жасауға салынған тыйымға қазақстандықтардың әсері қандай болғанына шолу жасады.


Қазақ - тойшыл қауым. Сондықтан елде төтенше жағдай жарияланған кезде көбі тойды қалай өткіземіз деп алаңдаған. 15 наурыздан бері елде той жасауға тыйым салынды. Бірақ соған қарамай той өткізгендер бар. Ал кейбірі онлайн-той өткізуді ұсынған. Tengrinews.kz тілшісі той жасауға салынған тыйымға қазақстандықтардың әсері қандай болғанына шолу жасады.

Үй ауласындағы той жасағандар жазаланды

Елде төтенше жағдай жарияланып, той жасауға тыйым салынғанымен, кейбірі жоспардан ауытқуды қаламаған. Солардың бірі - Түркістан қаласының тұрғыны.Ол тойды мейрамханада емес, өз үйінің ауласында жасауға шешім қабылдаған. 

Тойдың видеосы 17 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарай бастады. Бұл дерек бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын қабылдады.


Видео кадрынан 

Полицейлердің айтуынша, оқиға 16 наурызда түнгі уақытта Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде болған.

"Қалалық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзып, жиын өткізгені үшін той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - делінген хабарламада.

Осылайша, төтенше жағдайға қарамай той жасағандарға 26 500 теңге айыппұл салынды.

Той өткен мейрамхана иесі айыппұл арқалады

Таяуда Көкшетауда карантин кезінде той өткен. "Хабар 24" мәліметі бойныша, той жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылатын болды.

Оқиға өткен түні қаладағы тойханалардың бірінде болған. Олардың заң бұзғанын полицейлер арнайы рейд барысында анықтаған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мерекелік іс-шарада 100-ден астам адам болған. Енді кәсіпкерлік нысанының қожайыны 26 500 теңге айыппұл төлейді.

Жалпы жедел алдын алу шарасы барысында түнгі 22:00-ден кейін де жұмыс істеген бірнеше көңіл көтеру орыны анықталған.

"Аталған нысандардың иелерін бекітілген талап-ережелерді қатаң сақтауын ескертеміз. Олай болмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылулары мүмкін. Ал тұрғындарды төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз", - дейді облыстық әкімшілік полиция басқармасының Аслан Қызбикенов.

Гүл, жүзік, маска

Төтенше жағдай кезінде тағы бір той өтті. Бұл жолы журналистер отау құрған. Журналист Иван Тулинов әріптесі Елена Шрайберге үйленді. Үйлену тойы төтенше жағдайдың үшінші күні, 18 наурызда болған.

Негізі олар 2020 жылдың 20 наурызында үйленуді жоспарлаған. Бірақ карантинге байланысты олар неге қию рәсімін 18 наурызға ауыстырған. Рәсімнің қызық сәті - суреттерде көзге қалыңдықтың гүлі немесе жастардың неке жүзігі емес, медициналық маска бірден түседі.


Иван Тулиновтің архивінен 

"Маскаға келер болсақ, бұл жүзік секілді басты атрибут екен. Бұл бүгінгінің сәттері, бірақ карантинге қарамастан, өмір жалғасады. Адамдар үйленеді. Сондықтан оған ешқандай карантин кедергі келтіре алмайды деп ойлаймын", - дейді Иван Тулинов.

Жас отбасы елдегі жағдайға байланысты мерекелік дастархан жаймаған. Тойдың орнына олар үй жануарын серуендетіп қайтқан. Той осымен тәмам.

Онлайн-той өткізуге бола ма?

Тойдың бәрі шегеріліп жатқан сәтте желідегілер шараны онлайн өткізуді ұсынған. Таяуда YouTube хостингіндегі әзіл ретінде түсірілген видео жарияланды. Оны Әлихан Қарымсақов атты Желі қолданушысы өз каналына жүктеген.

Кадрларда Олжас атты асаба WhatsApp-тан "Еркеш Сандина үйлену 18:00" атты топ ашып, онда шаңырақ көтергелі жатқан қос ғашықтың ата-ана, туған-туыстарын қосқанын көруге болады.

Тойды әдеттегідей асаба бастады. "Ал бәрекелді, қадірлі ағайын! Бүгінгі Еркеш мырза Сандина ханымның онлайн үйлену тойына қош келдіңіздер!", - деп жазған ол. WhatsApp-та жиналған қауым ду қол шапалақтап болған соң, асаба өлеңдетіп былай дейді: "Қазақша айтқандай, коронавирус кет, кет, кет! Карантин - саған ответ. Кетірмейсің сен тойды. Той вапцапта болады".

Кейін құдалар шақырылады, яғни оларды топқа қосады. Той иелері иконкалармен шашу шашады, ақша лақтырады. Содан соң жастар қосылып, беташар болады. Ал туыстар ақшаны картаға аудара салды, ішімдіктен "алып қоюды" да ұмытпайды. Әжеге тілек айтқызып, ал қонақ ретінде әнші Ерке Есмахан келіп, өлең айтып кетті. Той соңында асаба жастарға бақыт тілеп, әзірге сүйіспеуге кеңес берді - көшеде вирус.

Әзілге толы видеоның сипаттамасында "мынау топас вируспен бірге қазақ тойлары енді осылай өтетін шығар" деген жазуды байқауға болады.

"Той өткізсең, қамалуың мүмкін"

15 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялаған. Сол кезде той жасауға тыйым салынған еді.

"Ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын", - деп жазылған Тоқаевтың қаулысында.

Президенттің жаңа қаулысы бойынша, мейрамхана қожайындарына салтанатты шаралар өткізбеу туралы ескерту жасалған. Бұл ескертуге құлақ аспай, іс-шара өткізгендер ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы ("Төтенше жағдай режимін бұзу") бойынша, мекеме қожайындары 10-15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 күнге дейін мерзімге қамалады.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети