Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 апреля 2020 10:22

"Мен өлімнен қорықпадым" - коронавирус кезіндегі жантебірентерлік оқиғалар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлеуметтік желіден © Әлеуметтік желіден

29 сәуірдегі мәлімет бойынша, дүние жүзі бойынша COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 218 мыңнан асты. Алайда жазылып шыққандар да жоқ емес. Алғаш коронавирус туралы ақпарат былтыр желтоқсан айында тарай бастады. Бес ай аралығында 1 миллионға жуық адам коронавирустан жазылып шықты. Осы уақыт аралығында дүние жүзінде жантебірентерлік оқиғалар болды. Tengrinews.kz тілшісі солардың бірнешеуіне шолу жасады. 


29 сәуірдегі мәлімет бойынша, дүние жүзі бойынша COVID-19-дан қайтыс болғандардың саны 218 мыңнан асты. Алайда жазылып шыққандар да жоқ емес. Алғаш коронавирус туралы ақпарат былтыр желтоқсан айында тарай бастады. Бес ай аралығында 1 миллионға жуық адам коронавирустан жазылып шықты. Осы уақыт аралығында дүние жүзінде жантебірентерлік оқиғалар болды. Tengrinews.kz тілшісі солардың бірнешеуіне шолу жасады. 

102 жастағы әже жазылып шықты

102 жастағы Италика Грондона вируспен 20 күн күрескен. Дәрігерлердің айтуынша, вирустың әжейдің алдында "тізе бүккен". Тіпті әжейдің өзі емделіп шыққанына таңғалған. Кейуана бірнеше жыл бұрын жалғыз ұлынан айырылып қалған. Қарттар үйінде тұрады екен.

"Біз әжейді нағыз батыр деп есептейміз", - дейді италиялық дәрігерлер.

Италика Грондонадан бөлек 103 жастағы қытайлық әжей Чжан Гуанфэнь коронавирустан жазылып шыққан. Дәрігерлер науқастың жағдайы бастапқыда өе нашар деген. Медицина мамандары әжейдің толығымен жазылып шығуының құпиясы - бұған дейін созылмалы аурулардың болмауымен байланыстырған.  


Италика Грондон © Ашық дерек көздерінен

Сондай-ақ Швейцарияда COVID-19 жұқтырған 95 жастағы Гертруда Фаттон жазылып шыққан. Гертруда Фаттонның тоғыз немересі мен 11 шөбересі бар. Алғашында бір аптадай үйінде ауырған, артынша оның жағдайы нашарлап, тыныс алуы қиындай түскен. Сөйтіп әжей Ла-Шо-де-Фон қаласындағы ауруханаға жеткізілген.

"Мен өлімнен қорыққан жоқпын", - деген екен 95 жастағы әжей.

Әжейдің айтуынша, ауру анықталғаннан кейін бастапқыда қиын болған. Гертруда Фаттон бір аптадай қарқынды терапия бөлімінде жатқан. Қызының сөзінше, бір кезде әжейдің қан құрамында оттегі деңгейі төменей бастаған. Дәрігерлерге әжейді құтқарып қалуға бір күн ғана болған.

"Сол күні мен анаммен қоштасамын деп қатты қорықтым", - дейді Гертруда Фаттонның қызы Жаклин.

Гертруда Фаттон © REUTERS

Жақында қазақстандық дәрігерлер коронавирустан жазылып шыққан 93 жастағы әжейді және тағы бірнеше қарт адамды ауруханадан қошеметпен шығарып салған еді. Науқастар 7 сәуірден бастап ем алған. Арасында 1927, 1933, 1944, 1955 жылғы адамдар бар. Олар дәрігерлердің көрсеткен қамқорлығына алғыс білдіріп, өлең шумақтарын арнады.  

View this post on Instagram

A post shared by TengriNews (@tengrinewskz) on

Әкесі мен қызының кездесу

Әлеуметтік желіде пайда болған бұл суреттің кейіпкерлері - медициналық қызмет подполковнигі Армен Мартиросян мен коронавирус пандемиясы кезінде ерікті ретінде көмек көрсетіп жүрген ординатор-эндокринолог Зара Мартиросян. Суретті желіге Арменияның ұлттық психикалық денсаулығын қорғау орталығының бұрынғы директоры Нарек Ванесян жүктеген.

"Бұл жантебірентерлік көріністі байқағаныма біраз күн болды. Әкесі мен қызына кедергі жасамау үшін әрірек тұратынмын. Бірақ осы жолы суретке түсіріп алуды шештім. Зара және басқа да еріктілердің жақындарымен тезірек жолығуы үшін үйде отырыңыздар", - дейді Нарек Ванесян.

Полицей далада қалғалы тұрған отбасының пәтерақысын төлеп берді

Бұл - Қазақстанда болған оқиға. Далада қалғалы тұрған отбасының бір айлық пәтерақысын төлеп берген ақтөбелік полицейдің әрекеті біраз күн ел аузында жүрді. Қоңырау шалған үй иесі, пәтерін жалға алғандарды ақша төлемегендіктен шығарып жіберуге көмектесуін сұраған. Алайда, екі кішкентай баламен барар жері қалмаған отбасының полицей пәтерақысын ойланбастан өзі төлеген.

Бақтияр Жақыпов © instagram.com/club_dobryakov_almaty 

Бақтияр бала күнінде өз отбасының дәл осындай қиындыққа тап болғанын Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында айтқан. Алайда ол кезде анасына көмектесе алмағанын айтады. Сондықтан қиын кезде айлығының үштен бірін жанұяның игілігіне жаратқан. Осы оқиғадан кейін оның өзге облыстардағы әріптестері де хабарласып, көмектесуге әзір екенін жеткізген.  

Еске салайық, дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 3,1 миллионнан асты. 964 мыңнан аса адам жазылып шығып, 218 490 адам коронавирус құрбаны болған. Қазақстанда коронавирус инфекциясын 3105 адамның жұқтырғаны анықталды. Еліміз бойынша барлығы 798 адам COVID-19-дан жазылып шыққан. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети