Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
10 ноября 2021 11:16

Неміс журналисі Қазақстан картасына неге балық пен шаян салған?

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/the.map.art © instagram.com/the.map.art

Неміс журналисі Макс Шем әр елдің картасына, соның пішініне сай картина салумен айналысады. Оның туындылары арасында Қазақстанды да табуға болады. Еліміздің картасымен бір емес төрт сурет дайындаған Макс Шем Tengrinews.kz тілшісіне неге балық, тасбақа, көшпенді мен шаян суреттерін таңдағанын айтты.


Неміс журналисі Макс Шем әр елдің картасына, соның пішініне сай картина салумен айналысады. Оның туындылары арасында Қазақстанды да табуға болады. Еліміздің картасымен бір емес төрт сурет дайындаған Макс Шем Tengrinews.kz тілшісіне неге балық, тасбақа, көшпенді мен шаян суреттерін таңдағанын айтты.

Макс Шем Германияның Гейдельберг қаласында дүниеге келген, қазір Магдебургтегі MDR қоғамдық телерадиокомпаниясында журналист болып жұмыс істейді. Олардың Instagram-аккаунтына жаңалықтардың иллюстрациясын да жасаған. Оның айтуынша, сол кезде картаны көп қолданатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Map Art | Max Schörm (@the.map.art)

Бір күні ол Германиядағы Саксонии-Анхальт жерінің картасы шал адамға ұқсайтынын байқап, соны салып көрген, кейін MDR оқырмандарына бөліскен екен. Оның сөзінше, көпшілік жақсы қолдау көрсеткен соң ісін жалғастырған. Қазір Макс Шем салған 200-ден аса иллюстрация бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Map Art | Max Schörm (@the.map.art)

Оның ішіндегі Қазақстанның алғаш суретінде балық бейнеленген. Кейін тасбақа, ат мінген батыр мен шаян салған. 

 

"Біріншіден, суреттер елдің пішініне сәйкес келуі тиіс. Бұл мүмкіндіктерді айтарлықтай шектейді, сондықтан теңіз жануарларын салу жақсы идея деп ойладым. Бұл Еуропаға келеді, бірақ Қазақстанды теңізбен танымал деп айта алмаймын. Осыны көрсету үшін балықты, тасбақа мен шаянды салдым", - дейді ол.

Макс Шем бұл жануарлардың қоршаған ортасы, әсіресе Арал теңізінде нашарлап жатқанын көрсеткісі келгенін де айтты.   

Ал қолына садақ ұстап, атпен шауып бара жатқан жауынгердің суретін Интернеттен ұқсас картина көріп, салған.

"Сондықтан бұл идея маған бірінші болып келген жоқ. Интернеттен көшпелілердің картинасын таптым, ол осы ел тарихы мен мәдениетіне сәйкес келеді деп ойладым. Бірақ сурет авторын таба алмадым, біреу түпнұсқасын біліп жатса, маған өте қызық болар еді", - деді суретші.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети