"Он бала босансам да күйеуім тастап кетті"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© pixabay.com © pixabay.com

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Күйеуім тастап кетті..." тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Күйеуім тастап кетті..." тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарлама қонағы Шолпан Қырғызбайқызы ер адамға отбасын тастамауға балалары септік бола алмайтынын айтады. Бағдарлама барысында ол өз оқиғасын баяндады. Көпбалалы ана отағасымен ажырасуға мәжбүр болған. Жеті баласымен Астанаға көшіп келген. Ер адам жауапкершіліктен қашатынын айтады. 

"Кетейін деп кеткенім жоқ. Екі жақтың өкілдерін шақырттым. Оның тарапынан ешкім келмеді. Төркінім маған "Сабыр сақтасаң, өтіп кетесің" деген кеңес берді. Түнімен ұрысып, бір жаққа кетіп қалады да арақ ішіп келе ме, әйтеуір "Кет" дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Ыдыс-аяқты шағып, ойран салды. Менен 14 жас үлкен. Қазір елудемін, осыдан он жыл бұрын ажырасып кеттік. Он бала босандым, оның жетеуі тірі", - дейді Шолпан Қырғызбайқызы.

Бағдарламаға арнайы шақыртылған психолог Әлия Сақтағанқызы ер адамдардың жігерлі әйелдерден қорқатынын және осының салдарына ажырасуға дейін баратынын айтады. 

Оның сөзіне, қарсы пікірді Анар есімді қонақ білдірді. Оның айтуынша, барлығы тек әйелдердің қолында. Қателіктің көбі әйелдерден болады дейді. 

"Жаман еркек жақсы әйелден ешқашан кетпейді. Жеті балаңызбен ажырасып, бақытты боламын деп ойладыңыз ба? Жеті бала жетім қалды, бала сорлап отыр бұл жерде. Жеті баламен ажырасып жатсаңыздар, үлгі қылып жатсаңыздар жастар не істемейді? Кешіріңіз әрине, жасыңыз үлкен ғой, бірақ сіз бар бәлені тілден тауып, таяқ жеген адамға ұқсайсыз", - дейді Анар Алтынбекова.

Жалғас Құспеков ер адамдар жауапкершілікті сезіну керек деген ойда. Ер адам өмірлік жарын таңдаса, соңына дейін шешімін өзгертпей барлық жүкті көтере білу керек деген пікірді ұстанатынын айтты. 

"Екі жақтан да қате болады. Ер адам - ер азамат болған соң отбасын сақтап қалу үшін барлығын жасауы керек. Иә, мойындаймын, жас қыздарға қарау, қателікке бой алдыру болып жатады. Әкесі баласына үлгі болғаны дұрыс", - дейді Жалғас Құспеков.

"Ажыраспа" - деген блог жазып жүрген Айна Досмахамбетқызы өз басынан өткен ажырасу оқиғасын баяндады. 

"Қателік екі жақтан да болады. Мысалы келінді кетіп қалды, жігітті артынан бармады деп кінәлауға болады. Ең бастысы жауапкершілікті сезіне білу керек. Ажырасу салдарынан көбіне әйел адамға ауыр түседі. Егер арасында бала болса, ол мүлде бөлек жағдай. Бізде ажыраспау үшін қазақтың салт-дәстүрін, ырым-тыйымдарын мысал етіп жатады. Алайда ажырасқан ер адам өзі тап болған қиындықтарымен "ажырасамын" деп жүрген адамға түсіндіретін болса, дәл солай әйелдер де бір-біріне кеңес беріп, өз басынан өткенімен бөліссе, бәлкім ажыраспау жолдарын іздеп көретін шығар. Менің үш балам бар. Өз басыма тоқталатын болсақ, біздің ажырасуымыз тек екі адамға ғана байланысты болған жоқ. Екіншіден адам өзгермейді деген жалған сөз - адам өзгереді. Мен қазір білгенімді бұрын білген жоқпын. Мен қазір ажырасудан кейін болған жағдайлар жайлы жазып жүрмін", - дейді Айна Досмахамбетқызы.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 28
Астана 24
Актау 29
Актобе 21
Атырау 24
Б
Балхаш 30
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 23
Кокшетау 18
Костанай 33
Кызылорда 23
П
Павлодар 19
Петропавловск 25
С
Семей 26
Т
Талдыкорган 31
Тараз 33
Туркестан 20
У
Уральск 22
Усть-Каменогорск 33
Ш
Шымкент 27

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer