Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 июня 2019 17:31

"Оңай сұрақтардан баста" - Негізгі үш пән мұғалімдерінен лайфхак

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© neonomad.kz © neonomad.kz

20 маусымда 2019 жылдың алғашқы Ұлттық біріңғай тестілеуі басталады. Оған бір күн қалғанда оқушы қалың уайымға салынатыны белгілі. "Қалай тапсырып шығамын, қай пәнді бірінші белгілейін, жеткілікті балл жинай аламын ба?" деген сұрақтар көкейін теседі. Tengrinews.kz тілшісіне педагогтар тестілеуге кіретіндерге түрлі лайфхак, кеңес айтып, барлығына сәттілік тіледі. 


20 маусымда 2019 жылдың алғашқы Ұлттық біріңғай тестілеуі басталады. Оған бір күн қалғанда оқушы қалың уайымға салынатыны белгілі. "Қалай тапсырып шығамын, қай пәнді бірінші белгілейін, жеткілікті балл жинай аламын ба?" деген сұрақтар көкейін теседі. Tengrinews.kz тілшісіне педагогтар тестілеуге кіретіндерге түрлі лайфхак, кеңес айтып, барлығына сәттілік тіледі. 

Ғалия Жақсыбаева - қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 

Тестілеудегі үш міндетті пәннің бірі - оқу сауаттылығы. Онда төрт мәтін беріледі, оның екеуі әдетте жеңіл болады, сұрақтары да оңай келеді. Ал қалған екі мәтін күрделі. Олар дайындық кезінде келген мәтіндерге ұқсауы мүмкін, бірақ соңғы жақтарын өзгертіп тастауы ықтимал. Сондықтан барынша мұқият болу керек. Оқушылар көбіне оқу сауаттылығын оңай деп атүсті қарайды. Иә, салыстырмалы жеңіл, себебі жауаптың бәрі мәтінде тұр. Мұнда ең бастысы саспай, жан-жаққа алаңдамай, сұрақтарға мұқият жауап беру керек.

Оқу сауаттылығы бойынша нұсқаулық

  1. Мәтінді соңына дейін дұрыс оқып, факті, аргументтердің астын сызып, түртіп отыру керек. Бастысы ішіндегі негізгі ойды анықтау. 
  2. Негізінен логикаға емес, мәтінге сүйен. Жауаптың бәрі мәтін ішінде. 
  3. Мақал-мәтел табу керек болады. Сондықтан мәтіндегі түйін ойды анықтау маңызды. Мұнда логиканы іске қосамыз. 
  4. Асықпа, жауабыңды тексер, кейін белгіле. Түсінбеген сұрақтарыңа сұрақ белгісін немесе қандай да бір белгі қойып кет. Ешкімнің сөзіне ерме. 

ҰБТ-да ең бастысы уақыт. Оны бос өткізіп алмау керек. Әр минутыңды санап, жаныңдағы адамдарға алаңдамай, миың таза кезде сұрақтарды жылдам белгілеп тастаған жөн. Әйтпесе уақыттан ұтыласың. Бірақ асығамын деп алаңғасарлық танытып жүрме. Уақыт қалса жауаптарыңды тағы бір тексеріп шық. Қағазға аты-жөніңді, таңдау пәніңді бояғанда абай бол, алдымен қарындашпен толтырып шыққаның дұрыс болады. Тестте тек өзіңе, интуицияңа сен. Пән орындарын, ретін ауыстырып алма. 

Меніңше, бірінші оқу сауаттылығының жауаптарын тапқан дұрыс. Себебі күрделі пәндерден кейін мәтін оқысаң, ми қабылдай алмауы мүмкін. Шатысып қаласың. Екінші, таңдау пәндеріңді белгіле. Себебі ол сенің ұзақ уақыт дайындалып жүрген сабақтарың. Үшінші тарих, төртінші математика сауаттылығы. Бірақ бұл да әр баланың ыңғайына қарай. 

Тестілеуге ыңғайлы киім киіп бару да маңызды. Сені ештеңе уайымдатпауы керек. Аяқ киімің немесе киімің қысып, жабысып тұрса да ыңғайсыздық туады. Үстелде тұрған суыңа да абай бол. Ішкен соң қақпағын жауып отыр, белгілеу қағазыңа төгіп алуың әбден мүмкін. Тұмауратып жүрсең орамал, беторамалыңды алып кел, уайымдағаннан, қысым мен ыстықтан терлеп кетуің де ғажап емес. Тестті жақсы тапсырып шығу үшін де жайлы жағдай керек. 

Сәуле Розакова - Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәнінің мұғалімі

Бұл тестілеу барлығымыз үшін маңызды. Балалармен қоса мұғалімдер де қатты уайымдаймыз, олардың тілеуін тілеп отырамыз. ҰБТ-ға бір күн қалғанда, меніңше, дайындалудың қажеті жоқ. Демалу керек. Себебі тестілеуде сен біркүндік емес 11 жыл оқыған біліміңді көрсетесің. Оған дайындық кезең-кезеңімен жүреді, сондықтан тек біліміңе сен. Қайталағың келген ақпаратты бір қарап шық. Еш уайымдама.

Моральдық емес, физикалық тұрғыдан шаршап ұйықтасаң, таңертең сергек тұрасың. Позитив көп болсын, сонда бәрі жақсы болады. Тестілеуге кіретін заттарың 2-3 күн бұрын дайын тұрсын, сонда бір күн қалғанда аласапыран болмайды. Оқушыларым көбіне бірінші болып тарихты белгілейтіндерін айтады. 

Зәуре Бөлегенова - математика, геометрия пәндерінің мұғалімі

Алдымен ауызша пәндердің жауабын белгілеп алған дұрыс шығар. Себебі оған уақыт көп кетпейді, ал математика есептеуді, жоғары концентрацияны, уақытты талап етеді. ҰБТ-ға кіргенде бастысы сабыр сақтап, артық ойды санадан шығарып тастау қажет. Математикалық сауаттылық пәнінің есептері кейде өте күрделі болып көрінеді, бірақ мұқият, түсініп оқысаң, жақсылап ойлансаң, оп-оңай болып шығады. Көбіне күнделікті өмірмен байланысты есептер келеді. Қарындаш, қалам, өшіргіш, сызғыштарды да алдын ала дайындап, сақадай сай болуың керек.

Математика бойынша лайфхактар:

  1. ҰБТ-ға бірнеше күн қалғанда әр пәннен негізгі деген 10 формула жазып тоңазытқышқа жабыстырып қоюға болады. Ары-бері өткенде жаттап жүресің, мида сақталады. 
  2. Балалар аз уақыт қалғанда шамадан тыс уайымдап немесе асыра дайындалса бүкіл формуланы ұмытып, шатасып қалуы мүмкін. Сондықтан миды тынықтыру керек. 
  3. Есепте орнына қою тәсілін қолданса болады. Яғни жауаптарды есептің берілгеніне қойып шығарады. Кейбіреуі логикамен де шешіледі.
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети