1. Главная
  2. Узнай
  3. Жизнь
  4. Фрагменты

Пенжімде шын мәнінде не болды? Ауылдан видеорепортаж 30 октября 2021, 10:51

Пенжім - Алматыдан төрт сағаттық жерде орналасқан шағын ауыл. Бұл елді мекенде 12 мыңға жуық адам тұрады. Онда жеті мыңға жуығы қазақ, қалған
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Нашли ошибку?

Пенжім - Алматыдан төрт сағаттық жерде орналасқан шағын ауыл. Бұл елді мекенде 12 мыңға жуық адам тұрады. Онда жеті мыңға жуығы қазақ, қалған бес мыңдай адам ұйғырлар. Жергілікті тұрғындар – қарапайым шаруалар. Бірі жүгері кәсібімен айналысса, енді бірі мал шаруашылығында. 27 қазанда ауылда бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген жағдай болды. Мектеп оқушылары жағажыртысып, салдарынан бір бала ауруханадан бірақ шықты. Оқиға орнында болып қайтқан Tengrinews.kz тілшісі елді мекендегі жағдай туралы бейнематериал дайындады. 

28 қазанға қараған түні жанжал шығарғандар тұрғындардың терезесін шағып, қақпаларын сындырып кеткен. Тіпті кейбірінің көліктерін қиратқан. Аудан әкімшілігінің сөзінше, жергілікті кәсіпкерлер зардап шеккен тұрғындардың қираған үйлерінің терезесін жөндеп беруге келіскен.

Аудан әкімінің айтуынша, ауылда болған қақтығыс кезінде тағы бір адам зардап шеккен. Ол - 1953 жылы туған азамат.

Талғат Өмірәлиев ауылда болған жанжал ұлтаралық қақтығысқа еш қатысы жоғын айтады.

Жанжал шыққан мектеп директорымен кездеспек болдық. Алайда директор журналистермен сөйлесуге шықпады. Біз барған күні мектепте сабақтар әдеттегідей өтіп жатты.

Ауыл тұрғындары қаптап келген журналистерден шаршағаны байқалды. Сұхбат беруге екінің бірі келісе бермейді. Дегенмен бір-екі тұрғынды сөзге тарттық. Солардың бірі - ауылдағы қоғамдық бірлестік мүшесі Абдужан Хамраев та ауылда бұған дейін ұлтаралық мәселе көтерілмегенін айтады.

Ауылдағы мектептердің бірінде мұғалім Айгүл Карашева бұл жағдай күтпеген жерден болғанын айтады. Мұндайды кинодан ғана көруше едік дейді ол.

Бүгінде ауылдағы жағдай бірқалыпты. Аудан әкімдігі терезесі сынған үйлер қалыпқа келеді деп отыр. Ал ауыл жастары енді ондай жағдай болмайтынын айтып сендірген.

"Мұндайды кинодан ғана көруші едік" - Пенжімде ауыл тұрғындары не дейді?



Join Telegram