Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 июля 2019 15:33

Полицей дөрекі сөйлесе қайда хабарласу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жақында Желіде Ақтауда полицейдің көлік жүргізушісімен бейәдеп сөйлескен сәті түсірілген видео жарияланған болатын. Артынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті видеодағы полицейдің кім екенін анықтап, оған қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған еді.


Жақында Желіде Ақтауда полицейдің көлік жүргізушісімен бейәдеп сөйлескен сәті түсірілген видео жарияланған болатын. Артынша Маңғыстау облыстық полиция департаменті видеодағы полицейдің кім екенін анықтап, оған қатысты тексеріс басталғанын хабарлаған еді.

 

Осындай оқиғалардан соң полицейлердің өзін-өзі ұстау этикасы және мұндай жағдайда не істеу керек деген сұрақ туындайды. Заңгер Асқар Есімбекұлы Тengrinews.kz тілшісіне полицей өзін дұрыс ұстамаса, не істеу керек екенін айтып берді.

Полицей балағаттаса, қайда арыз жазу керек?

Заңгер құқыққорғаушы өзін дөрекі ұстаған жағдайда қайда хабарласу керек екенін айтты.

"Егер Сізге қатысты полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылық әрекеттер қолданылса, сіз прокуратураға шағым жазуға және полиция департаменті бастығының атына арыз беруге құқылысыз. Шағымда полиция қызметкерлерінің, осы құқықбұзушылық әрекеттің куәгерлерінің дерегін толық көрсету қажет", - дейді маман.

Заңгер балағат сөз айтқан полицейдің аты-жөні мен қызметін біліп алуға тырысу керек дейді.

Сонымен қатар Асқар Есімбекұлы мұндай жағдайларда полиция қызметкерін видеоға түсіріп алу артық етпейтінін айтады.

"Полиция қызметкеріне қатысты шағымға сіз бейнематериалдар мен оған қатысы бар куәгерлердің айғақтарын, бұрмалау деректерін растап қоса тіркей аласыз", - дейді ол.

Полицей қай жағдайда қылмыс жасады деп айыпталады?

Заңгердің айтуынша, полицейдің өзін-өзі ұстау ережелеріЭтикалық кодексте көрсетілген.

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінде сипатталған мінез-құлық ережелері Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерінің сақтауы міндетті болып табылады. Тиісінше, полиция қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодекс ережелерін ескермеуіне жол берілмейді", - дейді ол.

Құқыққорғаушы өз әрекеті үшін Қылмыстық кодекс бойынша да жазалануы ықтимал екен.

"Бұл жерде бәрі полиция қызметкерлерінің құқықбұзулышық әрекеттер жасаған жағдайына байланысты. Егер заңсыз дене күші қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі күшіне енеді. Бұл кезде полиция қызметкерінің өзі қылмыс жасады деп есептеледі", - дейді Асқар Есімбекұлы.

Полицей қай жағдайда қызметінен босауы мүмкін?

Оның сөзінше, жалпы тәртіп стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің өз-өзін ұстау талаптары бар - адал, әділ, қарапайым болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік көрсету.

Егер бұл талаптар бұзылса, полицейдің жұмыстан қуылуы да ықтимал.

"Егер полиция қызметкері дөрекі сөз білдірсе, онда бұл жағдайда полиция департаменті ішкі тергеу жүргізеді, оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерін ішкі істер органдарынан босату туралы шешім шығарады", - деді Асқар Есімбекұлы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети