Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 октября 2021 16:02

"Респект!" Ауруханада науқастарға ән айтып берген "дәрігер" Қазнетті тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан науқастарға ән айтып, көңілін көтерген "дәрігер" Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан науқастарға ән айтып, көңілін көтерген "дәрігер" Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Instagram-дағы Dudoser парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары оның өнерін оң бағалап, мақтау сөздерін жазған. 

"Керемет, дәрігерлерге респект! Алла оларға денсаулық берсін", "Барлық медицина қызметкеріне абырой мен сабыр берсін", "Жарайсың, науқастардың көңіл-күйін көтеріп жатыр", "Көңілді дәрігер екен", - деп жазды оқырмандар. 

Алайда видеодағы өнерпаз негізі дәрігер емес болып шықты. Ол - Қызылорда облысының тумасы Фарида Елубай, журналист. Бүгінде Шымкент қаласында тұрып жатыр. Дәрігер мамандығына қатысы жоқ. 

"Негізі көбі мені дәрігер деп ойлап қалыпты. Анам Ақмарал Орынбаева ол кезде Шымкенттегі №14 емдеу орталығында психолог болып жұмыс істейді. Бұл мамырда болған оқиға. Анам, психолог болғандықтан, науқастардың көңіл-күйін көтеруді мақсат етті. Өз басым кішкентай кезімнен ән айтқанды жақсы көретінмін. Вокал сабақтарына барып жүрдім. Сөйтіп анам маған "Фарида, сен барып ән айтып бер" деп ұсыныс жасады. Мен бірден келістім. Видеоны Желіге біз салмадық. Тек есеп үшін түсіргенбіз. Мен тек бір палатада емес, бірнеше палатада әртүрлі ән айтып шықтым", - дейді Фарида. 

Фарида палатада жатқан науқастар оның өнерін жақсы қабылдағанын айтады. 

"Науқастардың көбі үлкен кісілер болды. Тағы да ән айтуымды сұрады. Ешқандай негатив болмады. Бұл жерде науқастарды дайындаған анамның да ролі жоғары. Өз басым коронавирустан емделіп жатқан науқастардың палатасына кіруден қорықпадым. Бәріне позитив көзқараспен қарауға тырысамын. Менде тек бір ой болды - науқастарға көңіл-күй сыйлау", - дейді ол.  

Фариданың Шымкентте қайырымдылық клубы бар. 

"Өзім "Феникс" атты қайырымдылық клубын ашқанмын. Жастар клубы. Ол жерде жастар дамып, кітап оқиды, жалпы жастарды мейірімге, қайырымдылыққа баулу мақсатында ашылған", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети