Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
01 апреля 2019 20:34

Сатирик вайнерлерді сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Заман өзгермейді, адам өзгереді. Адаммен бірге ұстанымы, көзқарасы, ойлау қабілеті және әзілі бірге өзгереді. Әлеуметтік желіде жарияланған әзіл видеолар қоғамның біршама бөлігін еліктіргені анық. Өйткені миллиондаған Желі қолданушыларының аңдығаны вайнерлердің бір минуттық туындылары. Онда міндетті түрде әзіл бар және қоғамда болып жатқан жағдайлар кездеседі. Оларды сынаушылар да жоқ емес, себебі вайнерлердің жұмысына корректорлық жасайтын ешқандай ведомство жоқ, яғни "тіл өзімдікіне" басатын жағдайлар болып жатады. Былапыт сөздер, "белден төмен" әзілдер көрсетіледі. Осы орайда бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Күлгім келсе де, күлкім келмейді" тақырыбы талқыланды.

Бағдарлама барысында "Әзіл әлемі" театрының сценарист-редакторы Баянды Сахарияұлы өзінің әзілге қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, ол қазіргі әзілді әлеуметтік желіде тараған вайндармен салыстырмайды. Өйткені өнердің өз бағасы бар.

"Көрерменнің айызын қандырып, ішіндегісін айта білу де өнер. Әзілмен, ирониямен шындықты айтудың - бір жолы. Ешбір көрермен жай ғана шаршап келдім, бір әзіл қарайыншы деп YouTube ашпайды, барлығы да "осылар не шығарды?", "қандай өзекті мәселені көтерді екен?" деп қарайды. Яғни адамның қажеттілігін қанағаттандырады, ал қажетсіз дүниені кім көреді? Бүгінде еліміздегі барлық әзіл-сықақ театрларын үздік деуге болады", - деді Баянды Сахарияұлы.

Ақын-сатирик Аймұханбет Бейсенбеков қазіргі әзілдің деңгейі төмендеп кеткендігін айтады.

"Халық не нәрсені ұнатса, онда бірдеңе бар деген сөз. Сондықтан да әрбір жанрдың танымал болатын, өшетін кездері болады. Сол сияқты қазіргі уақытта жеңіл-желпі сатира бірінші орынға шығып тұр. Тұрсынбек Қабатовты қатты сыйлаймын, өнерлі, талантты жігіт. Монолог жанрын күшейтіп жатқан мықты сатирик. Бұрындары Құдайберген Сұлтанбаев, Лидия Кәденовалардың ізін жалғастырып жүр. Ұзын-сонар монологты жаттап, сахнада айтып шығуға ерінеді көбі. Ал бірігіп алып, жұртты күлдіру бұл бизнеске айналған дүние", - дейді Аймұханбет Бейсенбеков.

Көрермендер қазіргі сатираға, вайндарға қатысты пікір білдіріп, тікелей эфирге хабарласты.

"Өкінішке қарай, қоғам арзан әзілді сұрап бара жатыр. Қоғамды тәрбилейтін тек әзілкештер емес қой, интернет, Instagram, Facebook, әншілер. Әзілкештер қоғамды тәрбиелесін-тәрбиелемесін деп айтуға келмейді. Сол үшін министрлік тарапынан осы бағытта шаралар қолданылса екен. Үкіметтің осы мәселе бойынша қатты бір өзгеріс жасап жатқанын көріп жүргенім жоқ. Осыдан үш жыл бұрын бізде арзан әзіл болды ма? Ол қайдан келді? Ресейдің сахнасына баяулап келді, вайнерлер балағат сөздерді айтып, видео түсіріп жатады. Екі жылдан соң асабалар осылай істеп жатса, мен таңғалмаймын", - дейді Әлібек есімді азамат.  

Ал бағдарлама журналисі Гогир Дарибай қала халқына өз тарапынан әзіл ұсынып көрді.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети